Electrolux ESF 9520 LOX ユーザーズマニュアル

ページ / 64
Ақау және ескерту коды
Мүмкін себептері және шешетін жолдары
Ыдыс жуғыш машинаға су
құйылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 1 рет
жыпылықтайды.
• Start индикаторы үздіксіз
жыпылықтайды.
• Су шүмегінің ашық тұрғанына көз
жеткізіңіз.
• Сумен жабдықтау жүйесіндегі судың
қысымының өте төмен емес екеніне көз
жеткізіңіз. Бұл ақпаратты жергілікті су
ресурстары мекемесіне хабарласып
алыңыз.
• Су шүмегінің бітеліп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің сүзгісінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су құятын түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Құрылғы суы сарқылмай тұр.
• "Соңы" индикаторы 2 рет ара-
тұра жыпылықтайды.
• Start индикаторы үздіксіз
жыпылықтайды.
• Раковина түтікшесінің бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Су төгетін түтіктің бұратылып немесе
майысып қалмағанына көз жеткізіңіз.
Тасқынға қарсы құрал қосулы.
• "Соңы" индикаторы 3 рет ара-
тұра жыпылықтайды.
• Start индикаторы үздіксіз
жыпылықтайды.
• Судың шүмегін жабыңыз да, уәкілетті
қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Жұмыс барысында құрылғы көп
рет тоқтап және қайта іске
қосылады.
• Бұл қалыпты жағдай. Бұл оңтайлы жуу
нәтижесіне қол жеткізуге көмектеседі
және қуатты үнемдейді.
Бағдарлама өте ұзаққа созылады. • Егер кешіктіріп бастау функциясы
орнатылып тұрса, кешіктіру функциясын
ажыратыңыз немесе кері санақ
аяқталғанша күтіңіз.
Құрылғының есігінен сәл су
жылыстап ағады.
• Құрылғы деңгейленген жоқ. Өзгермелі
аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз
немесе қатайтыңыз.
• Құрылғының есігі науаның ортасына
қарай орнатылмаған. Артқы аяғын (егер
бар болса) реттеңіз.
Құрылғының есігін жабу қиын.
• Құрылғы деңгейленген жоқ. Өзгермелі
аяқтарын (егер бар болса) босатыңыз
немесе қатайтыңыз.
• Ыдыстардың кей бөліктері себеттерден
шығып тұр.
Құрылғының ішінен гүрілдеген/
тарсылдаған дыбыс шығады.
• Ыдыстар себеттерге дұрыс салынбаған.
Себеттерді толтыру парақшасын
қараңыз.
• Бүріккіш түтіктердің еркін айнала
алатынына көз жеткізіңіз.
www.electrolux.com
18