Saeco HD 8888/19 Intelia Deluxe ユーザーズマニュアル

ページ / 73
6
Қайнату құралының құлыптау ілмегі дұрыс күйде екенін тексеріңіз. Дұрыс
орналастыру үшін ілгекті шеткі жоғарғы күйде болғанша жоғары қарай
басыңыз.
7
Әлі шеткі төменгі күйде болса, ілгек дұрыс орналастырылмаған.
8
Қайнату құралы бағыттағыштар бойымен орнына "сырт" етіп түскенше
құрылғыға сырғытыңыз. Одан кейін кофе қалдықтары тартпасын қайтадан
құрылғыға салыңыз.
Майлау 
Шамамен 500 шыны кофе қайнатылғанда немесе айына бір рет қайнату
құралын майлаңыз.
1
Қайнату құралының төменгі жағындағы білікке біраз майлағыш жағыңыз.
2
Суретте көрсетілгендей екі жақтағы рельстерді майлаңыз.
3
Қайнату құралы бағыттағыштар бойымен орнына "сырт" етіп түскенше
құрылғыға сырғытыңыз. Одан кейін кофе қалдықтары тартпасын қайтадан
құрылғыға салыңыз.
Автоматты сүт көпірткішпен күнделікті тазалау
1
Кіріс түтікті таза сумен толтырылған құмыраға салыңыз.
2
Бос ыдысты автоматты сүт көпірткіш астына қойыңыз. MILK FROTH (Сүт
көбігі) түймесін басыңыз.
3
Автоматты сүт көпірткіштен ағатын су таза болған кезде тамызуды
тоқтату үшін ESC түймесін басыңыз.
16
Қазақша