Zanussi ZGX 565414 X ユーザーズマニュアル

ページ / 44
Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
• Құрылғы мен оның қол жететін жердегі бөлшектері қолдану
барысында ысып тұрады. Қыздырғыш элементтерін
ұстамаңыз.
• Құрылғыны сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан
басқару жүйесімен басқармаңыз.
• Май немесе өсімдік майы қосылған тағамды пештің үстіне
қараусыз қалдыру қауіпті жəне өрт шығуы мүмкін.
• Өртті ешқашан сумен сөндіруге əрекет жасамаңыз, бұндай
жағдайда құрылғыны сөндіріп, содан кейін жалынды қақпақ
немесе өрт басқыш көрпе тəрізді затпен жабыңыз.
• Пісіру алаңына зат сақтамаңыз.
• Құрылғыны бумен тазалайтын құралмен тазаламаңыз.
• Пышақ, шанышқы, қасық жəне қақпақ тəрізді темір заттарды
пештің үстіне қоймаңыз, себебі ысып кетеді.
  Қауіпсіздік нұсқаулары
Орнату
Назарыңызда болсын! Бұл
құрылғыны тек білікті маман ғана
орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын
алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе
пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату
бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай
болыңыз, себебі салмағы ауыр. Əрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп
жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен
ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз. Бұл есік немесе
терезе ашылған кезде ыстық ыдыс
құрылғыдан құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне
орнатсаңыз, құрылғының астыңғы жағы
мен үстіңгі тартпаның арасында ауа
ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол
жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын
оқшаулағыш панель орнатуды
ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын! Өрт шығу
жəне электр қатеріне ұшырау қаупі
бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске
асыруға тиіс.
 
3
www.zanussi.com