Zanussi ZOG 511217 C ユーザーズマニュアル

ページ / 72
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Газды тексеру үшін отты
пайдаланбаңыз!
2. Тұмшапешті ас үй қаптамасының
шегіне дейін жылжытыңыз. 
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Тұмшапешті ас үй
қаптамасының ішіне қарай
жылжытқан кезде газбен
жабдықтау бағыттағышын
майыстырып алмаңыз.
3. Қосылымды дұрыс тығыздап
орнатыңыз. Газдың ағатын-ақпайтынын
басқару үшін тексергішті
пайдаланыңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Тек Ресей үшін: бұл құрылғы G20
20 мбар табиғи газбен жұмыс
істейді. Газға қосар алдында
параметрді қолданылатын
газдың түріне дұрыс (G20 13
мбар) реттеп алу маңызды.
"Құрылғыны газдың басқа
түрлеріне лайықтау"
тарауындағы нұсқауларды
қараңыз.
Құрылғыны газдың басқа түрлеріне
лайықтау
Құрылғыны газдың басқа түріне
сай лайықтау жұмысын тек
уәкілетті маманға ғана
тапсырыңыз.
Егер құрылғы табиғи газға
бапталған болса, дұрыс
инжекторларды пайдаланып
сұйылтылған газға ауыстыруға
болады.
Газдың тұтынылатын мөлшерін
қажетінше лайықтауға болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Инжекторларды ауыстыру
алдында, газ тетіктерінің "Off"
қалпында тұрғанына көз
жеткізіңіз. Құрылғыны электр
желісінен ажыратыңыз. Құрылғы
суығанша күтіңіз. Жарақат алу
қаупі бар.
Құрылғы әдепкі газ түріне
лайықтап бапталған. Параметрді
өзгерту үшін әрқашан
тығыздағышты пайдаланыңыз.
Тұмшапештің инжекторын ауыстыру
1. Тұмшапеш қуысының астыңғы
пластинкасын (A) тұмшапештің
оттығына (B) қол жеткізу үшін алыңыз.
A
B
2. Оттықты ұстап тұратын бұранданы (C)
босатыңыз.
C
3. Оттықты инжектор тағанынан (D) ептеп
алыңыз.
D
F
E
4. Ақырын солға қарай жылжытыңыз.
Тұтату ашасының ағытпасының
сымына (F) және термореле
жалғастырғышына (E) салмақ
салмаңыз.
5. Оттықтың инжекторын (D) 7 мм гайка
кілтімен босатып, орнына өзіңіз
қолданатын газ түріне сәйкес келетін
түрін салыңыз ("Техникалық ақпарат"
тарауындағы кестені қараңыз). 
“Техникалық ақпарат” тарауын қараңыз.
6. Оттықты осы әрекеттерді кері ретпен
орындап салыңыз.
www.zanussi.com
19