Zanussi ZOP 37902 XK ユーザーズマニュアル

ページ / 72
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– Ыдыстарды немесе басқа заттарды
құрылғының табанына тура қоймаңыз.
– Құрылғының табанына алюминий
жұқалтырды тура қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды жəне тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты пісіру
үшін шұңғыл табаны қолданыңыз. Жеміс
шырындарынан кетпейтін дақ қалуы
мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп алу
қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ шүберекпен
тазалаңыз. Тек бейтарап тазартқыш
заттарды қолданыңыз. Жеміргіш
заттарды, түрпілі жөкені, еріткіштерді
немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз, оның
орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Пиролитпен тазалау
Назарыңызда болсын! Күйіп қалу
қаупі бар.
• Пиролитпен тазалау функциясы жұмыс
істеп тұрғанда балаларды құрылғыдан
алыс ұстаңыз. Құрылғы қатты қызып
кетеді.
• Пиролитпен тазалау барысында жəне
тазалап болғаннан кейін үнемі жақсы
желдетіңіз.
• Пиролитпен тазалау барысында жəне
тазалап болғаннан кейін үй
жануарларын (əсіресе құстарды)
құрылғының қасынан алыңыз жəне
жақсы желдетілген жерде əуелі ең
жоғары температураға қойыңыз.
• Пиролитпен тазалау нұсқауларын
мұқият оқып шығыңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы қолданылған.
Оны бөлмені жарықтандыру үшін
қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
4
 
www.zanussi.com