Zanussi ZOB 442 X ユーザーズマニュアル

ページ / 76
• Құрылғы қолданылатын елдегі заң
күшіне ие заңдар, қаулылар, ережелер
мен стандарттарды (қауіпсіздік
нұсқаулары, қалдықтарды қайта өңдеу
бойынша ережелер, электр не газ
қауіпсіздігі ережелері т.с.с.) мұқият
орындаңыз.
• Құрылғыны орнатардың алдында,
ашасының розеткадан ағытылып
тұрғанын тексеріңіз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде абай
болыңыз. Бұл құрылғының салмағы
ауыр. Əрқашан қорғаныс қолғабын
киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан
тартпаңыз.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабдықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
• Сізде дұрыс оқшаулағыш құралдар
болуға тиіс: желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр қатерінен сақтандыратын
құралдарды, инструмент көмегінсіз
алынбайтын етіп бекітіңіз.
• Құрылғының кейбір бөлшектерінде
кернеу болуы мүмкін. Құрылғыны
қаптамаға кіргізіп, ешбір бос орын
қалмағанына көз жеткізіңіз. Бұл
құрылғының қауіпті бөлшектеріне
кездейсоқ қол тиігізіп, электр қатеріне
ұшырамау үшін қажет.
• Құрылғы орнатылатын қаптама
өлшемінің құрылғыға сай келетінін, оны
орнатпай тұрып тексеріңіз.
• Құрылғының үсті мен жан-жағын
қоршаған конструкциялардың қауіпсіз
болуын қамтамасыз етіңіз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың,
заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғының арт жағы мен бір жақ
жанын, биігірек құрылғыға жанастырып
орнатыңыз. Керісінше екінші жағын,
биіктігі бірдей жиһазға қатарластыра
орнату қажет.
• Бұл құрылғыны тағанның үстіне орнатуға
болмайды.
Электр қосылымы
• Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу
қажет.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
электр параметрлерінің электр
желісіндегі параметрлерге сай
келетініне көз жеткізіңіз.
• Кернеу туралы ақпарат техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, электр
қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
• Электр құрылғыларын розеткаларға
қосқан кезде, қорек сымдарын
құрылғының ыстық есігіне тигізбеңіз
немесе жақындатпаңыз.
• Көп істікшелі ашаларды,
жалғастырғыштар мен ұзартқыш
сымдарды қолданбаңыз. Өрт шығу қаупі
бар.
• Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе
өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының арт жағындағы электр
ашасы (егер қолданылса) мен қорек
сымының жаншылып немесе бүлініп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Орнатып болғаннан кейін электр
розеткасының қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Құрылғыны ажырату үшін қорек
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан (егер болса) тартып
ажыратыңыз.
Қолданылуы
• Бұл тек үйде қолдануға арналған
құрылғы. Құрылғыны коммерциялық
немесе өндірістік мақсатта қолданбаңыз.
 
3