Zanussi OPZB 4210 B ユーザーズマニュアル

ページ / 64
• Электр сымдарына қол тигізуге немесе
құрылғының есігіне жақындауға, әсіресе
ыстық тұрған есікке жақындауға
болмайды.
• Тоққа қосулы тұрған және оқшаулағышы
бар бөлшектердің электр қатерінен
сақтандырғышын, саймансыз
алынбайтын етіп бекітіп қою керек.
• Құрылғының ашасын розеткаға тек
құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ғана жалғаңыз. Орнатып болғаннан
кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
• Егер розетка босап тұрса, оған ашаны
сұқпаңыз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Әрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген
полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін
оқшаулағыш құралмен жабықталуға
тиіс. Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға
тиіс.
• Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне сай
келеді.
Пайдалану
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Жарақат алу, күйіп қалу және
электр қатеріне ұшырау не
жарылыс шығу қаупі бар.
• Бұл құрылғыны үйде ғана
пайдаланыңыз.
• Бұл құрылғының техникалық
сипаттамасын өзгертпеңіз.
• Желдеткіш саңылаулардың бітеліп
қалмағанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғыны
назардан тыс қалдырмаңыз.
• Құрылғыны пайдаланып болған сайын
тоқтан ажыратыңыз.
• Жұмыс істеп тұрған құрылғының есігін
ашқан кезде абай болыңыз. Ыстық ауа
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны су қолмен іске қоспаңыз
немесе суға тиіп тұрған құрылғыны
пайдаланбаңыз.
• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Құрылғыны жұмыс орны немесе зат
сақтайтын орын ретінде қолданбаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда, ауа мен алкоголь қоспасы
пайда болуы мүмкін.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от
жарқылын немесе ашық отты
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды құрылғының ішіне, қасына
немесе үстіне қоймаңыз.
НАЗАРЫҢЫЗДА БОЛСЫН!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз
мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына
тура қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін
дымқыл ыдыс пен тағамды
құрылғының ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе
орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына әсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
• Бұл тек тағам пісіруге арналған
құрылғы. Басқа мақсатта, мысалы
бөлмені қыздыру үшін қолдануға
болмайды.
• Тағамды әрқашан тұмшапештің есігін
жауып пісіріңіз.
• Егер құрылғы жиһаз панелінің (мысалы,
есіктің) артына орналастырылса, онда
құрылғы жұмыс істеп тұрғанда есіктің
ешқашан жабылмайтынына көз
жеткізіңіз. Жиһаздың жабық панеліне
жиналған жылу мен ылғал келешекте
құрылғының, қаптаманың немесе
еденнің бүлінуіне әкелуі мүмкін.
4
www.zanussi.com