Electrolux ESL 94300 LO ユーザーズマニュアル

ページ / 60
Құрылғы жұмыс істеп тұрған
кезде есікті ашу
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кезде
есікті ашсаңыз, құрылғы тоқтайды.
Есікті жапқаннан кейін, құрылғы
тоқтаған жерінен бастап жұмыс
істейді.
Кептіру циклы барысында
есік 30 секундтан ұзақ ашық
тұрса, жұмыс істеп тұрған
бағдарлама аяқталады.
Кері санақ жұмыс істеп тұрған
кезде кешіктіріп бастау
функциясын біржола тоқтату
Кешіктіріп бастау функциясын біржола
тоқтатқан кезде бағдарлама мен
функцияларды қайта орнату керек.
 және   түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Бағдарламаны біржола
тоқтату
 және   түймешігін құрылғы
бағдарламаны таңдау режиміне
қойылғанша қатар басып ұстап
тұрыңыз.
Жаңа бағдарламаны бастар алдында,
жуғыш зат үлестіргіште жуғыш заттың
бар екеніне көз жеткізіңіз.
Бағдарламаның аяқталуы
Бағдарлама аяқталған кезде 
индикаторы жанады. Құрылғыны 5
минут ішінде сөндірмесеңіз, барлық
индикаторлар сөнеді. Бұл электр
қуатын аз тұтынуға көмектеседі.
1. Құрылғыны сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешігін басыңыз
немесе Auto Off функциясы
құрылғыны автоматты түрде
сөндіргенше күтіңіз.
2. Судың шүмегін жабыңыз.
10. АҚЫЛ-КЕҢЕС
10.1 Жалпы
Келесі ақыл-кеңестер күнделікті
қолдану барысында кептіріп және
тазалаған кезде жақсы нәтижелерге
қол жеткізуге, сондай-ақ, қоршаған
ортаны қорғауға көмектеседі.
• Ыдыстарға жабысқан тағамның
үлкенірек қалдықтарын алып,
қоқысқа салыңыз.
• Ыдысты алдын ала қолмен
шаймаңыз. Егер қажет болса,
алдын ала жуу бағдарламасын
(егер бар болса) қолданыңыз
немесе алдын ала жуу циклі бар
бағдарламаны таңдаңыз.
• Себеттердің ішіндегі орынды үнемі
толық пайдаланыңыз.
• Құрылғыға зат салған кезде,
бүріккіштен шыққан судың
ыдыстардың барлығына толық
жетіп және оларды жуа алатынына
көз жеткізіңіз. Заттардың бір-біріне
тимей немесе бірін бірі далдалап
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
• Ыдыс жуғыш машинаға арналған
жуғыш, шайғыш құралды және
тұзды бөлек пайдалануға немесе
аралас таблеткаларды пайдалануға
болады (мысалы, "3in1'', ''4in1'', ''All
in 1''). Орамында көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
• Бағдарламаны салынған заттар
мен олардың ластану деңгейіне
қарай орнатыңыз. ECO
бағдарламасын пайдаланып
қалыпты кірлеген ас үй құралдары
және ыдыс-аяқты жуғанда, су мен
қуат барынша тиімді жұмсалады.
10.2 Тұз, шайғыш зат және
жуғыш затты пайдалану
• Тек ыдыс жуғыш машинаға
арналған тұзды, шайғыш және
жуғыш затты пайдаланыңыз. Басқа
өнімдер құрылғыға нұқсан келтіруі
мүмкін.
• Аралас таблеткалар судың
кермектігі 21 °dH болатын аймақтар
www.electrolux.com
14