Electrolux ESF 9862 ROW ユーザーズマニュアル

ページ / 68
MyFavourite бағдарламасын
қалай орнату керек
Program түймешігін MyFavourite
бағдарламасына қатысты
индикаторлар мен функциялар
көрінгенше басып ұстап тұрыңыз.
Бейнебетте бағдарламаның ұзақтығы
көрсетіледі.
7. ФУНКЦИЯЛАР
Қажетті функцияларды
міндетті түрде
бағдарламаны бастау
алдында іске қосу керек.
Бағдарлама жұмыс істеп
тұрған кезде
функцияларды іске қосу
немесе ажырату мүмкін
емес.
Кей функциялар өзара
үйлесімді емес. Егер өзара
үйлесімсіз функциялар
таңдалса, құрылғы
олардың біреуін немесе
бірнешеуін автоматты
түрде сөндіреді. Қосылып
тұрған функциялардың
индикаторлары ғана жанып
тұрады.
7.1 Multitab
Бұл функцияны тұз, шайғыш зат және
жуғыш заттардан тұратын жуғыш
таблеткаларды қолданған кезде
пайдаланыңыз. Олардың құрамында
басқа да жуғыш немесе шайғыш
заттар болуы мүмкін.
Бұл функция тұздың қосылуын
тоқтатады. Тұз индикаторы жанбайды.
Сондай-ақ, бұл параметр шайғыш зат
үлестіргіші сөніп тұрса ғана шайғыш
зат үлестіргішін сөндіре алады,
(шайғыш зат үлестіргішінің индикаторы
жанбайды). Егер шайғыш зат
үлестіргіші іске қосылып, Multitab
параметрі қосылып тұрса да, шайғыш
зат үлестіріледі.
Осы функцияны пайдаланғанда,
жуғыш таблеткаларды қолданған
кезде жуу және кептіру нәтижелері
жақсы болу үшін бағдарлама уақыты
ұзарады.
Multitab функциясы тұрақты функция
емес және оны әр цикл сайын таңдау
керек.
Қалай қосу керек Multitab
Option түймешігін   индикаторы
жанғанша басыңыз.
7.2 TimeManager
Бұл функция судың қысымы мен
температурасын көбейтеді. Жуу және
кептіру циклдары қысқарақ болады.
Бағдарламаның жалпы уақыты
шамамен 50% пайызға азаяды.
Жуу нәтижесі қалыпты уақыты бар
бағдарламаны пайдаланғанмен
бірдей. Кептіру нәтижелері төмендеуі
мүмкін.
Қалай қосу керек
TimeManager
Option түймешігін   индикаторы
жанғанша басыңыз. 
Егер бағдарламада қандай да бір
функция жоқ болса, тиісті индикатор
жанбайды немесе бірнеше секунд
жылдам жыпылықтап барып сөніп
қалады.
Дисплейде бағдарламаның жаңарған
уақыты көрсетіледі.
8. БІРІНШІ ҚОЛДАНҒАНҒА ДЕЙІН
1. Су жұмсартқыштың ағымдық
деңгейінің сумен жабдықтау
жүйесіндегі судың кермектігіне
сай келетініне көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ
13