Samsung 340 Вт., 3.1-канальный Беспроводной Саундбар HW-K550 ユーザーズマニュアル

ページ / 105
23
22
БАЙЛАНЫСТАР
 
 
● TV SoundConnect байланыстыру процесі орындалмаса, теледидардың дауыс мәзіріндегі 
Дауысын қосу функциясына өтіңіз де, 
Жаңа құрылғы қосу параметрін таңдап, Жаңа құрылғы 
қосу параметрін ҚОСУЛЫ күйіне орнатыңыз. Содан соң, әрекетті қайталаңыз.
 
● Soundbar режимін теледидардан басқа режимге ауыстыру TV SoundConnect мүмкіндігін 
автоматты түрде тоқтатады.
 
● Soundbar жүйесін басқа теледидарға қосу үшін, бұрыннан бар қосылымды ажырату керек.
 
● Ағымдағы байланысты тоқтату үшін, қашықтан басқару құрылғысындағы p түймесін 5 секунд 
бойы басып тұрыңыз немесе басқа режимге ауысыңыз. Басқа теледидарға қосылу үшін, 
жоғарыдағы 1-4 қадамдарын орындаңыз.
 
 
● 2012 жылдан бастап шығарылған кейбір теледидарлар TV SoundConnect (SoundShare) 
функциясын қолдайды. Бастау алдында теледидарда TV SoundConnect (SoundShare) 
функциясына қолдаудың бар-жоғын тексеріңіз. (Қосымша мәліметтер алу үшін теледидардың 
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.)
 
● Сіздегі Samsung теледидары 2014 жылдан бұрын шығарылған болса, SoundShare setting мәзірін 
тексеріңіз.
 
● Теледидар мен Soundbar жүйесінің арасындағы қашықтық 10 метрден асса, қосылыс тұрақты 
болмауы немесе дыбысы тоқтап-тоқтап ойнауы мүмкін. Осындай жағдай орын алса, теледидар мен 
Soundbar жүйесін жұмыс ауқымына қайта орнатып, TV SoundConnect қосылымын қайта жасаңыз.
 
● TV SoundConnect жұмыс ауқымы:
 - Ұсынылған жұптау ауқымы: 2 м ішінде
 - Ұсынылған жұмыс ауқымы: 10 м ішінде
 
● Soundbar жүйесіндегі немесе Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы Ойнату/Кідірту, 
Келесі және Алдыңғы түймелері теледидарды басқармайды.
 
+
Bluetooth POWER On функциясын пайдалану
Bluetooth POWER On функциясын Soundbar жүйесін Bluetooth функциясымен үйлесімді теледидарға  
TV SoundConnect арқылы жалғағаннан кейін қолдануға болады. Bluetooth POWER On функциясы қосулы 
болған кезде, жалғанған теледидарды қосса немесе өшірсе, Soundbar қуаты да қосылып, өшеді.
1.  Теледидарды Soundbar жүйесіне TV SoundConnect функциясы арқылы жалғаңыз.
2.  Soundbar жүйесінің қашықтан басқару құралындағы 
Bluetooth POWER түймесін басыңыз. Soundbar 
жүйесінің дисплейінде 
ON - BLUETOOTH POWER хабары көрсетіледі.
ON - BLUETOOTH POWER : Теледидарды қосқан және өшірген сайын Soundbar жүйесі де қосылады 
және өшіріледі.
OFF - BLUETOOTH POWER : Soundbar жүйесі тек теледидарды өшіргенде ажыратылады.
 
 
● Бұл функцияға тек 2013 жылдан бастап шығарылған кейбір Samsung теледидарларында қолдау 
көрсетіледі.