Samsung 340 Вт., 3.1-канальный Беспроводной Саундбар HW-K550 ユーザーズマニュアル

ページ / 105
29
28
ФУНКЦИЯЛАР
 
 
● Bluetooth құрылғысына қосылу кезінде PIN кодын енгізу сұралса, <0000> санын енгізіңіз.
 
● Бір уақытта тек бір Bluetooth құрылғысын жұптауға болады.
 
● Soundbar өшірілген кезде Bluetooth байланысы тоқтатылады.
 
● Келесі жағдайларда Soundbar жүйесі Bluetooth құрылғысының іздеуін не қосылуын дұрыс 
орындамауы мүмкін:
 - Soundbar құралының айналасында қатты электрикалық өріс болса.
 - Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құралымен бір уақытта жұпталса.
 - Bluetooth құрылғысы кенеттен өшсе немесе дұрыс жұмыс істемесе.
 
● Микротолқынды пештер, сымсыз жергілікті желі адаптерлері, люминесценттік жарықтар және газ 
плиталары сияқты құрылғылар Bluetooth құрылғысы сияқты бірдей жиілік диапазонын 
пайдаланатынын ескеріңіз, ол электр кедергісін тудыруы мүмкін.
 
● Soundbar SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
 
● Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосыңыз.
 
● Тек HF (Hands Free) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына Soundbar жүйесін қосу мүмкін емес.
 
● Soundbar жүйесін Bluetooth құрылғысына жұптағаннан кейін, құрылғының сканерленген 
құрылғылар тізімінен 
"[AV] Samsung Soundbar Kxxx K-Series" тармағын таңдау Soundbar 
жүйесін 
BT режиміне автоматты түрде өзгертеді.
 - Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының жұпталған құрылғыларының тізімінде болса ғана 
қолжетімді. (Bluetooth құрылғысы мен Soundbar бұрын кем дегенде бір рет жұпталуы қажет.)
 
● Soundbar құралы Bluetooth құрылғысының ізделген құрылғылар тізімінде Soundbar көрсетілген 
кезде ғана пайда болады 
BT READY.
 
● TV SoundConnect режимінде Soundbar жүйесін басқа Bluetooth құрылғысына жұптау мүмкін емес.
BLUETOOTH POWER ON (BLUETOOTH POWER)
Егер алдында жұптастырылған Bluetooth құрылғысы Bluetooth POWER On функциясы қосылғанда және 
Soundbar құрылғысы өшірілгенде Soundbar құрылғысымен жұптаспақ болса, Soundbar құрылғысы 
автоматты түрде қосылады.
1.  Soundbar құрылғысы қосылған кезде қашықтан басқару құрылғысындағы Bluetooth POWER түймесін 
басыңыз.
2.  ON - BLUETOOTH POWER параметрі Soundbar құрылғысының дисплейінде пайда болады.
BLUETOOTH ҚҰРЫЛҒЫСЫН SOUNDBAR ҚҰРАЛЫНАН 
АЖЫРАТУ ҮШІН
Bluetooth құрылғысын Soundbar құралынан ажырата аласыз. Нұсқауларды Bluetooth құрылғысының 
пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
 
● Soundbar құралы ажыратылады.
 
● Soundbar Bluetooth құрылғысынан ажыратылғанда, Soundbar алдыңғы дисплейде 
BT DISCONNECTED 
хабарын көрсетеді.
SOUNDBAR ҚҰРАЛЫН BLUETOOTH ҚҰРЫЛҒЫСЫНАН 
АЖЫРАТУ ҮШІН
BT режимінен басқа режимге ауысу үшін немесе Soundbar құрылғысын өшіру үшін, қашықтан басқару 
құрылғысындағы 
SOURCE түймесін немесе өнімнің оң жағындағы 
 түймесін басыңыз.
 
● Қосылған Bluetooth құрылғысы қосылымды тоқтатпастан бұрын Soundbar құралынан жауапты белгілі бір 
уақыт күтеді. (Bluetooth құрылғысына байланысты ажырату уақыты әртүрлі болуы мүмкін)