Samsung RF9000 Холодильник с трёхконтурной системой охлаждения Triple Cooling, 611 л ユーザーズマニュアル

ページ / 132
Казақ 41 
Ақаулықты түзету
Белгісі
Әрекет
Алдыңғы бұрыштары 
мен бүйір жақтары 
жылып, оларға 
конденсат тұруы 
мүмкін.
•  Конденсаттың пайда болуына жол бермеу үшін тоңазытқыштың 
алдыңғы бұрыштарына қызуға төзімді түтіктер орнатылған. Бұл 
құрылғы ортаның температурасы жоғарыласа дұрыс жұмыс істемеуі 
мүмкін. Бұл жүйенің ақауы емес.
•  Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз. Есікті біраз уақыт ашық 
қалдырған кезде конденсат пайда болуы мүмкін.
•  Ылғалды ауа тоңазытқыштың салқын бетіне тигенде, тоңазытқыштың 
сыртқы бетіне конденсат тұруы мүмкін.
Көпіршіктеніп жатқан 
тәрізді дыбыс естіледі.
•  Салқындату кезінде тоңазытқыштан осындай дыбыс шығады, бұл 
қалыпты жағдай.
Тоңазытқыштың ішінен 
жағымсыз иіс шығады.
•  Бұзылып кеткен тағамның бар-жоғын тексеріңіз. Тоңазытқышты 
уақытылы тазалап, бұзылған немесе күмән тудыратын тағам болса, 
алып тастауды ұсынамыз.
•  Иісі қатты шығатын тағамды ауа өткізбейтін етіп ораңыз.
Ішкі қабырғаларға 
қырау қатады.
•  Тоңазытқыш саңылауларын ешбір тағам бітеп тастамағанына көз 
жеткізіңіз. Желдету үшін тағамдарды біркелкі таратып қою да маңызды.
•  Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Ішкі қабырғаларда 
немесе көкөністердің 
айналасында конденсат 
пайда болады.
•  Бұл жағдай құрамында суы өте көп тағамның бетін жаппай сақтағанда 
немесе есікті біраз уақыт ашық қалдырғанда орын алады. 
•  Тағамның беті жабық немесе берік сауыттарға салынғанына көз 
жеткізіңіз.
Untitled-2   41
2017-02-06     6:02:03