Samsung 500 вт, 5.1.4 канальная система. Беспроводной саундбар HW-K950 ユーザーズマニュアル

ページ / 111
19
KAZ
БАЙЛАНЫСТАР
САБВУФЕР МЕН КӨЛЕМДІ ДЫБЫС 
ДИНАМИКТЕРІН ЖАЛҒАУ
 
 
● Компоненттер арасындағы барлық қосылымдар аяқталмағанша осы өнімнің немесе 
теледидардың қуат сымын қабырғадағы розеткаға қоспаңыз.
 
● Осы өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын 
тексеріңіз.
 
● Егер негізгі құрылғы өшірулі болса, сымсыз сабвуфер және көлемді дыбыс динамигі күту 
режиміне өтеді және артқы жақтағы STANDBY LED көк түспен бірнеше рет жыпылықтаған соң, 
қызыл түспен жанады.
 
● Егер Soundbar құрылғысының жанында бірдей жиілікпен (2,4 ГГц) құрылғы пайдаланылса, кедергі 
дыбыстың үзілуіне әкелуі мүмкін.
 
● Негізгі құрылғының сымсыз сигналының максималды тарату қашықтығы шамамен 10 метрді 
құрайды, бірақ бұл жұмыс ортасына байланысты өзгешеленуі мүмкін. Негізгі құрылғы мен сымсыз 
сабвуфердің немесе көлемді дыбыс динамигінің арасында темірбетонды немесе темір қабырға 
болса, жүйе мүлдем жұмыс істемеуі мүмкін, себебі сымсыз сигнал темірден өте алмайды.
  
 
● Сымсыз қабылдағыш антенналар сымсыз сабвуфер мен көлемді дыбыс динамиктеріне 
ендірілген. Құрылғыларды су мен ылғалдан алшақ ұстаңыз.
 
● Тыңдау сапасын оңтайлы ету үшін, сымсыз сабвуфердің және көлемді дыбыс динамиктерінің 
айналасындағы аймақта қандай да бір кедергілердің жоқтығына көз жеткізіңіз.
TV
Soundbar негізгі 
құрылғысы
Сабвуфер
90°
90°
110°
110°
Сол жақ көлемді дыбыс 
динамигі
Оң жақ көлемді дыбыс 
динамигі
Көлемді дыбыс динамиктерінің ұсынылған орналасуы
байланыстар