Samsung WF90F5EGU4W ユーザーズマニュアル

ページ / 184
Казақ - 38
АҚАУЛЫҚ
ӘРЕКЕТ
Құйылатын судың 
температурасы теріс.
•  Екі шүмекті де толық ашыңыз.
•  Температураның дұрыс таңдалғанына көз жеткізіңіз.
•  Түтіктердің дұрыс шүмектерге қосылғанына көз жеткізіңіз. Су құбырларын 
шайыңыз.
•  Су қыздырғыштың кемінде шүмектен 120 °F (49 °C) ыстық су құятын етіп 
бапталғанына көз жеткізіңіз. Сонымен қатар, су қыздырғыштың қуаты мен су 
толтыру жылдамдығын тексеріңіз.
•  Түтіктерді ағытып, тор сүзгіні тазалаңыз. Тор сүзгісі кептеліп қалған болуы мүмкін.
•  Кір жуғыш машинаға су құйыла бастағанда, температураны автоматты 
түрде басқару қызметі құйылып жатқан судың температурасын тексеретін 
болғандықтан, судың температурасы өзгеруі мүмкін. Бұл қалыпты жағдай.
•  Кір жуғыш машинаға су құйылып жатқанда, суық немесе жылы температура 
таңдалып тұрса, үлестіргіштен тек ыстық және/немесе тек суық судың ағып 
жатқанын байқауыңыз мүмкін. Бұл температураны автоматты түрде басқаратын 
режимнің қалыпты қызметі, себебі кір жуғыш машина судың температурасын 
анықтайды.
Цикл соңында кір 
дымқыл болып тұр.
•  Жоғары немесе өте жылдам айналдыру жылдамдығын пайдаланыңыз.
•  Қатты көпіршімес үшін өте тиімді (HE) жуғыш затты пайдаланыңыз.
•  Тым аз кір салынған. Өте аз кір салған кезде (бір немесе екі зат) теңгерімсіздік 
байқалып, толық айналмауы мүмкін.
•  Су төгетін түтіктің жаншылып немесе бітеліп қалмағанын тексеріңіз.
Су жылыстап ағады.
•  Есіктің дұрыс жабылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Барлық түтіктердің берік жалғанғанына көз жеткізіңіз.
•  Су төгетін түтік ұшының ақаба су жүйесіне дұрыс кіргізіліп, бекітілгенін тексеріңіз.
•  Өте көп кір салмаңыз.
•  Қатты көпіршуге жол бермеу үшін тиімділігі өте жоғары (HE) жуғыш затты 
пайдаланыңыз.
Иіс шығады.
•  Артық көпіршіктер ұяшықтарға жиналып қалып, зең иісі пайда болуы мүмкін. 
•  Уақытылы зарарсыздандыру үшін шаю циклдарын қосыңыз.
•  Есіктің тығыздағышын (диафрагмасы) тазалаңыз.
•  Цикл аяқталғаннан кейін кір жуғыш машинаның ішін кептіріңіз.
Ешбір көпіршік 
көрінбейді (Көпіршік 
қосылатын үлгілерде 
ғана).
•  Көп кір салған кезде көпіршіктер көрінбей қалуы мүмкін.
•  Қатты ластанған кірді жуған кезде көпіршік пайда болмауы мүмкін.
Wi-Fi жұмыс істемейді 
(Wi-Fi бар үлгілерде 
ғана).
•  Үйіңізде интернеттің дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз.
•  Роутердің қосылып, дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
•  Smart Control қолданбасының соңғы нұсқасын орнатқаныңызға көз жеткізіңіз.
F500E-03367T-00_KK.indd   38
6/23/2016   2:23:55 PM