Samsung 320 Вт., 4.1-канальный Беспроводной Изогнутый Саундбар HW-J7500 ユーザーズマニュアル

ページ / 99
9
8
СИПАТТАМАЛАРЫ
ҚАШЫҚТАН БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ
Anynet+
Anynet+ функциясын қосу немесе өшіру үшін 
Anynet+ түймесін басыңыз. 
(Әдепкі : Auto Power Link OFF, 
ON - ANYNET+ / OFF - POWER LINK немесе  
OFF - ANYNET+ / ON - POWER LINK). Anynet+ функциясы Soundbar 
жүйесін Anynet+ функциясымен үйлесімді Samsung теледидарынан 
қашықтан басқару құралы арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Soundbar 
жүйесі теледидарға HDMI кабелі арқылы жалғануы керек.
*  Auto Power Link 
Soundbar құралын Optical ұясы арқылы оптикалық байланыспен 
қадамдастырады, сонда ол теледидарды қосқанда автоматты түрде 
қосылатын болады. (20-бетті қараңыз) 
Auto Power Link функциясы тек 
D.IN режимінде қолжетімді.
Сондай-ақ, 
Wi-Fi SETUP функциясын қашықтан басқару құралындағы 
Anynet+ түймесін 7 секунд бойы басып тұру арқылы белсендіре аласыз.
Қайталау
Қайталау функциясы телефондағы Әндер тізіміндегі немесе Samsung 
Multiroom қолданбасының DMS құрылғысындағы музыка ойнап жатқанда 
қолжетімді болады.
OFF - REPEAT : қайталап ойнатудан бас тартады.
TRACK - REPEAT : бір жолды қайталап ойнатады.
ALL - REPEAT : барлық жолдарды қайталап ойнатады.
Дыбысын өшіру
Түймені басу арқылы дыбыс деңгейін 0-ге апаруға болады. 
Дыбысты алдыңғы деңгейде қосу үшін қайтадан басыңыз.
SOURCE
Soundbar жүйесіне қосылған дыбыс көзін таңдау үшін басыңыз.
Алға қарай өту
Ойнатылып жатқан құрылғыда екі немесе одан көп файл болса және 
]
 түймесі басылса, келесі файл таңдалады.
SOUND CONTROL 
TREBLE
BASS немесе AUDIO SYNC режимін таңдау үшін басыңыз. 
Содан соң, 
TREBLE немесе BASS дыбыс деңгейін -3 ~ +3 мәндер 
аралығында реттеу үшін [,] түймелерін пайдаланыңыз.
Әр жиіліктер диапазоны үшін дыбысты реттеу үшін 
SOUND CONTROL 
түймесін шамамен 5 секунд бойы басып тұрыңыз. 150 Гц, 300 Гц, 600 Гц, 
1,2 кГц, 2,5 кГц, 5 кГц  және 10 кГц параметрін таңдауға болады және 
әрқайсысын -6 ~ +6 арасындағы параметрге реттеуге болады.
Soundbar жүйесі сандық теледидарға қосылған кезде бейне дыбыспен 
синхронды ойнатылмаса, оларды синхрондау үшін 
SOUND CONTROL 
түймелерін басыңыз. Дыбыс кідірісін 0 мс ~ 300 мс арасында орнату үшін, 
[
,] түймелерін қолданыңыз. Теледидар және BT режимінде Audio Sync 
функциясы қолжетімді болмауы мүмкін.
 
● Теледидарды өзінің қашықтан басқару құралымен басқарыңыз.