Samsung 320 Вт., 4.1-канальный Беспроводной Изогнутый Саундбар HW-J7500 ユーザーズマニュアル

ページ / 99
17
KAZ
БАЙЛАНЫСТАР
 
 
● Компоненттер арасындағы барлық қосылымдар аяқталмағанша осы өнімнің немесе 
теледидардың қуат сымын қабырғадағы розеткаға қоспаңыз.
 
● Осы өнімді жылжытпас немесе орнатпас бұрын қуаттың және қуат сымының ажыратылғанын 
тексеріңіз.
САБВУФЕРДІ ҚОСУ
САБВУФЕРГЕ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚОСУ
Сабвуфердің байланыстырушы индикаторлары зауытта алдын ала орнатылады және негізгі құрылғы мен 
сабвуфер қосылған кезде олар автоматты түрде байланысуы (сымсыз қосылу) қажет.
Сабвуфер толығымен қосылған кезде сабвуфердегі көк жарық диодты байланыстыру индикаторы 
жыпылықтауын тоқтатып, үздіксіз жылтылдап тұрады.
САБВУФЕРГЕ ҚОЛМЕН ҚОСУ
Көк түспен жанатын жарық диоды негізгі құрылғы мен сабвуфер қосылғанда жыпылықтауын тоқтатпаса, 
индикаторды төменде берілген қадамдар бойынша орнатыңыз.
 
● Маңызды: Бастамас бұрын, батареяны қашықтан басқару құрылғысына салыңыз. 
Нұсқаулықтарды 9-беттен қараңыз.
POWER
1.  Негізгі құрылғы және сабвуфердің қуат сымдарын айнымалы ток розеткасына қосыңыз.
2.  Сабвуфердің артқы жағында орналасқан ID SET түймесін шағын өткір затпен 5 секунд басып тұрыңыз.
STANDBY көрсеткіші өшірулі болады, ал LINK көрсеткіші (Көк ЖШД) тез жыпылықтайды.
3.  Негізгі құрылғы өшіп тұрған кезде (STANDBY режимінде тұрғанда) қашықтан басқару құралындағы  
 (дыбысын өшіру) түймесін 5 секунд басып тұрыңыз.
4.  ID SET хабары Soundbar дисплейінде пайда болады.
5.  Байланысты аяқтау үшін, сабвуфердегі Көк ЖШД жыпылықтап тұрғанда негізгі құрылғының қуатын 
қосыңыз.
Енді негізгі құрылғы мен сабвуфер байланысуы (қосылуы) тиіс.
Сабвуфердегі LINK индикаторы (көк түспен жанатын жарық диоды) жыпылықтап емес, үздіксіз 
жылтылдап тұруы керек.
LINK индикаторы қанық көк түс болмаса, байланыстыру процесі орындалмаған. Негізгі құрылғыны 
өшіріп, 2-қадамнан бастап қайта бастаңыз.
Дыбыс әсерін таңдау арқылы сымсыз сабвуферден дыбысты жақсырақ естуге болады. 
(9-бетті қараңыз)