Samsung GE83MRQ ユーザーズマニュアル

ページ / 192
Казақ - 18
Код/Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
5
Сырник
2, әрқайсысы 
95 г
Қыша қосылған ірімшік – 90-100 г, бидай – 10 г,  
қант (ваниль қосылған қант)–10 г, тұз– 0,5 г,  
жұмыртқа - ¼ дана, сары май – 5-10 г (майлау үшін)
Нұсқаулар
Сары майдан басқа құраластардың барлығын жақсылап араластырыңыз. 
Екі дөңгелек қалып дайындаңыз. Дөңгелек қалыптардың түбін жақсылап 
майлаңыз. Оны балауыз қағазға салып, гриль торына қойыңыз.  
Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, дөңгелек 
қалыптарды аударып, пісіруді жалғастырыңыз.
6
Ірімшіктен 
жасалған 
тост
40-60 г
Тост наны – 2 тілім, әр тілімі 26-28 г, ірімшік – 2 дана,  
әр тілімі 20 г
Нұсқаулар
Гриль торына екі тосттан салыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал 
естілген кезде, тост нандарын төмен аударып, үстіне ірімшіктерден 
салыңыз. Содан кейін пісіруді жалғастырыңыз.
7
Нан 
қоқымдары 
қосылған 
ірімшік
125 г (5 дана) Ірімшік – 125 г (4-5 дана, әр бірі 25 г),  
жұмыртқа – ½ дана, нанның қоқымдары – 3-5 г
Нұсқаулар
Ірімшікті 5 см x 5 см текше етіп тураңыз. Жұмыртқаның сарысына 
салып, нан қоқымдарын себіңіз. Пешті 5 мин Гриль режимімен алдын 
ала қыздырыңыз. Ірімшікті балауыз қағазға қойыңыз. Содан кейін гриль 
торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз.
8
Мәскеу 
дәстүрімен 
балық пісіру
270 г
(1)  Шампиньон – 30 г, алабұға қоң еті – 150 г, май – 5 г
(2) Қышқыл қаймақ – 30 г (2 x 15 г)
(3)  Дөңгелектеп туралған, пісірілген картоп – 2 дана, 
әр данасы 60-70 г, тұз – 5 г, ақ ұнтақ бұрыш – ½ г, 
үккіштен өткізілген ірімшік – 25 г
Нұсқаулар
Саңырауқұлақтарды табақтағы балықтың жанына салыңыз. Үстіне май 
тамызыңыз(1). Пісіре бастаңыз. Пештен сигнал естілген кезде қышқыл 
қаймақтың жартысын салыңыз керамика табаққа (ортасына) (2) салыңыз. 
Үстіне пісірілген саңырауқұлақтарды салыңыз. Оның үстіне балықты 
салыңыз. Дәм-татымын келтіріңіз. Айналасына балық пен туралған 
картопты салыңыз. Картоптың үстіне ірімшікті салыңыз(3).  
Пісіру үрдісін жалғастырыңыз
Код/Тағам
Үстелге тарту 
мөлшері
Құраластар
9
Арқан 
балықтан 
гриль жасау
150-170 г
Сүйегі мен терісі алынбаған арқан балық филесі –  
200-250 г, тұз – 1 г, лимон – 15 г (шырынын сығыңыз), 
май – 5 г
Нұсқаулар
Арқан балық стейгін дәмдеп, май жағыңыз. Табаққа салыңыз. Табақты 
гриль торына қойыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген 
кезде стейкті аударыңыз. Содан кейін пісіруді жалғастырыңыз.
10
Қара өрік 
қосылған 
тауық 
сирақтары
325 г
2 дана.
Ұзыншалап туралған пияз – 15 г, ұзыншалап туралған 
сәбіз – 20 г, тауықтың сирақтары – 2 дана (160-180 г), 
қара өрік – 5-7 дана (50 г), Тауық сорпасы немесе құрғақ 
концентрат қосылған су – 150 мл
Нұсқаулар
Пияз мен сәбізді табаққа салыңыз. Тауық сирақтарын үстіне салыңыз 
да, қара өрікті салып, үстіне сорпа құйыңыз. Табақты микротолқынды 
пешке салыңыз. Пісіре бастаңыз. Тұмшапештен сигнал естілген кезде, 
аударыңыз да, пісіруді жалғастырыңыз.
11
Қыша соусы 
қосылған 
шошқаның 
мойыны
250 г
(1)  Шошқаның мойыны -150 г, үккіштен өткізілген сәбіз – 
20 г, ұзыншалап туралған пияз – 20 г, тауық сорпасы 
немесе құрғақ концентрат қосылған су – 100 мл
(2)  Тұздыққа арналған қоспа: Бидай – 5 г, дижон қышасы 
– 20 г, қышқыл қаймақ – 30 г, су – 50 мл
Нұсқаулар
Етті ұзыншалап турап, көкөністерді дайындап, тауық сорпасын қосыңыз 
(1). Табаққа салыңыз. Жақсылап араластырыңыз да, пісіре бастаңыз. 
Тұздыққа(2) қосылатын құраластардың барлығын дайындаңыз. 
Тұмшапештен сигнал естілген кезде, еті бар сорпаға құраластарды салып 
араластырыңыз да, жалғастырып пісіріңіз.
GE83KRQW-1_BWT_DE68-04283B-00_KK.indd   18
2015-01-29     9:25:25