Samsung 28" TV-монитор с функцией Мультиэкранного Режима クイック設定ガイド

ページ / 92
Телемәтін функциясы
Телемәтін қызметінің негізгі бетінде осы қызметті қалай пайдалану туралы ақпарат беріледі. Телемәтін 
ақпаратын дұрыс көрсету үшін арна тұрақты қабылданып тұруға тиіс. Арна тұрақсыз болса, ақпарат жартылай 
көрсетілуі немесе оның кейбір беттері көрсетілмеуі мүмкін.
 
Телемәтін беттерін қашықтан басқару пультіндегі сандары бар түймешіктерді басып өзгертуіңізге 
болады.
1
0 (mode): Телемәтін режимін (LIST/ FLOF) таңдауға арналған. LIST режимі 
кезінде басылса, режимді Тізімді сақтау режиміне ауыстырады. Тізімді сақтау 
режимінде, телемәтін бетін 8 (сақтау) түймешігін пайдаланып тізімге сақтауға 
болады.
2
/ (Толық TTX/Қос TTX/аралас/сөндіру): Ағымдық арна үшін телемәтін 
режимін іске қосады. Телемәтін режимінің үстіне ағымдық хабар тарату 
бейнебетін қабаттастыру үшін осы түймешікті екі рет басыңыз. Телемәтін 
режимінен шығу үшін тағы бір рет басыңыз.
3
1 (ішкі бет): Қолжетімді ішкі бетті көрсетеді.
4
8 (сақтау): Телемәтін беттерін сақтайды.
5
6 (индекс): Телемәтінді қарап отырған кезде негізгі (мазмұн) бетті кез келген 
уақытта бейнебетке шығару үшін пайдаланылады.
6
4 (өлшем): Телемәтінді бейнебеттің үстіңгі жарты бөлігіне шығарып, екі есе 
үлкейте көрсету үшін басыңыз. Мәтінді бейнебеттің астыңғы жағына қарай 
жылжыту үшін түймешікті қайта басыңыз.  Бейнебетті қалыпты режимге көшіру 
үшін қайта бір рет басыңыз.
7
9 (ұстау): Автоматты түрде көрсетілетін қосымша беттер болған жағдайда, 
ағымдық бетті бейнебетте ұстап тұрады.  Бұлай істемеу үшін қайта басыңыз.
8
2 (бет жоғары жылжу): Келесі телемәтін бетін көрсетеді.
9
3 (бет төмен жылжу): Алдыңғы телемәтін бетін көрсетеді.
0
5 (ашу): Жасырын мәтінді (мысалы, жұмбақ ойындардың жауаптары) 
бейнебетке шығаруға арналған. Бейнебетті қалыпты түрде көрсету үшін осы 
түймешікті қайта басыңыз.
!
7 (болдырмау): Ағымдық таратылым бейнебетінің үстіне, телемәтін 
бейнебетін қабаттастыру үшін оны кішірейтеді.
@
Түрлі-түсті түймешіктер (қызыл, жасыл, сары, көк): Егер хабар тарату 
компаниясы FASTEXT жүйесін пайдаланса, телемәтін бетінде берілген түрлі 
тақырыптар түстермен кодталады да, оларды түрлі-түсті түймешіктерді басу 
арқылы таңдауға болады. Таңдаған тақырыпқа сай келетін түсті басыңыз. Түс 
арқылы кодталған жаңа бет көрсетіледі.  Элементтерді де осылайша таңдауға 
болады. Алдыңғы немесе келесі бетті көрсету үшін, түрлі-түсті түймешіктердің 
тиісті біреуін басыңыз.
Телемәтін беттері алты санатқа бөлініп жіктеледі
Бөлімі 
Мазмұны
A
E
F
B
C
D
A
Таңдалған беттің нөмірі.
B
Таратылымдағы арнаның атауы.
C
Ағымдық беттің нөмірі немесе іздеу нәтижелері.
D
Күн-ай және уақыт.
E
Мәтін.
F
Қалып-күй ақпараты. FASTEXT ақпараты.
Казақ - 18
Казақ - 19
Нұсқаулықпен танысуды бастау