Samsung 32" Full HD плоский Smart TV H6200 6 серии ユーザーズマニュアル

ページ / 240
234
 
Динамикалық, тұрақты IP мекенжайлары
Егер желіге динамикалық IP мекенжайы қажет болса, динамикалық хост теңшеу протоколына 
(DHCP) қолдау көрсететін ADSL модемін немесе роутерді пайдаланыңыз. DHCP функциясына қолдау 
көрсететін модемдер немесе роутерлер, ТД-ды интернетке қосу үшін қажет IP мекенжайының, 
желіаралық қорғауыштың, шлюз және DNS мәндерін автоматты түрде тағайындайтындықтан, оларды 
қолдан енгізудің қажеті жоқ. Үйдегі көпшілік желілер динамикалық IP мекенжайын пайдаланады.
Егер желі тұрақты IP мекенжайын қажет етсе, желі қосылымын орнатқан кезде IP мекенжайын, 
желіаралық қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін қолдан енгізіңіз. IP мекенжайы, желіаралық 
қорғауыш, шлюз және DNS мәндерін алу үшін интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз. 
Егер желі тұрақты IP мекенжайын қажет етсе, DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемін 
пайдаланыңыз. DHCP функциясына қолдау көрсететін ADSL модемдері тұрақты IP мекенжайларын 
қолдануға да рұқсат береді.
 
Bluetooth
Bluetooth технологиясы Bluetooth-үйлесімді қосылған ұялы телефондар, ноутбуктер, құлақаспаптар 
және құлаққаптар арасында ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін, қысқа қашықтықта байланыс 
жасайтын сымсыз байланыс протоколы болып табылады. Bluetooth технологиясы ұялы 
телефондарды, ноутбуктерді, құлақаспаптар мен құлаққаптарды Bluetooth-үйлесімді құралдарға 
қосатын, қысқа қашықтықта сымсыз байланыс жасауға арналған протокол болып табылады. Бұл 
төмен электрлі сымсыз қосылым 10м ішіндегі қашықтықта тұруы қажет болған кезде ыңғайлы.
 
Ethernet
Ethernet - IEEE тарапынан стандартталған коаксиальды сымды пайдаланатын LAN (Local Area 
Network).
 
Құралас элемент қосылымы 
Құралас элемент ұяшықтары көбінесе ойын құрылғылары үшін қолданылады және видео сигналды 
жарық сигналы (Y) және екі түсті сигналдарға (Pb және Pr) бөліп тасымалдайды. [Component IN]_(Pr, 
Pb, Y) деп таңбаланған ұяшықтар ТД-дың артында орналасқан. Кей құрылғыларда бұл Cr, Cb, Y деп 
таңбаланған. Cb және Cr бұл жерде Pb және Pr сигналдарының сандық ауыстырымдарын көрсетеді.
Ұяшықтар әдетте қызыл (R), көк (B) және жасыл (G) түспен таңбаланған және аналогты қосылым үшін 
ең жоғары сурет сапасын ұсынады.