Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
WLAN желісіне қосылу және желі баптауларын теңшеу
Сымсыз желі
  117
Желіге қосылу кеңестері
•  Егер жад картасын салмасаңыз, кейбір Wi-Fi мүмкіндіктері қол жетімді 
болмайды.
•  Желіге қосылу сапасы қатынас нүктесіне байланысты болады.
•  Камера мен қатынас нүктесі арасындағы ара қашықтық үлкен болса, 
желіге қосылу ұзағырақ болады.
•  Жақын жерде орналасқан құрылғы камерадағы радиожиілік сигналымен 
бірдей сигналды пайдаланса, бұл қосылымға кедергі келтіруі мүмкін.
•  Қатынас нүктесінің атауы ағылшын тілінде болмаса, камера құрылғыны 
орналастыра алмауы немесе атау дұрыс емес түрде пайда болуы мүмкін.
•  Желі параметрлері не құпиясөз үшін желілік әкімшіге немесе желілік 
қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
•  WLAN желісі қызмет көрсету провайдерінен түпнұсқалық растаманы 
талап етсе, желіге қосыла алмауыңыз мүмкін. WLAN желісіне қосылу үшін 
желілік қызмет көрсету провайдеріне хабарласыңыз.
•  Шифрлау түріне байланысты құпия сөздегі сандардың саны әр түрлі 
болуы мүмкін.
•  WLAN қосылымы барлық ортада қол жетімді болмауы мүмкін.
•  Камера қатынас нүктелері тізімінде WLAN желісі қосылған принтерді 
көрсетуі мүмкін. Желіге принтер арқылы қосылу мүмкін емес.
•  Камераны ТД мен желіге бір уақытта қосу мүмкін емес.
•  Желіге қосылу үшін қосымша ақы алынуы мүмкін. Бағалар келісім-
шарттың талаптарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
•  WLAN желісіне қосыла алмасаңыз, қол жетімді қатынас нүктелері 
тізімінен басқа қатынас нүктесін қолданып көріңіз.
•  Кейбір желілік қызмет көрсету провайдерлерімен қамтамасыз етілген 
тегін WLAN желілерін таңдаған кезде жүйеге кіру беті пайда болуы 
мүмкін. WLAN желісіне қосылу үшін идентификатор мен құпиясөзді 
енгізіңіз. Тіркелу немесе қызмет туралы ақпарат алу үшін желілік қызмет 
көрсету провайдерлеріне хабарласыңыз.
•  Қатынас нүктесіне қосылу үшін жеке ақпаратты енгізген кезде абай 
болыңыз. Төлем немесе несие картасы туралы ақпаратты камераға 
енгізбеңіз. Осындай ақпаратты енгізуден пайда болған мәселелерге 
өндіруші жауап бермейді.
•  Қол жетімді желі қосылымдары елге байланысты басқаша болуы мүмкін.
•  Камераның WLAN мүмкіндігі сіздің аймақтағы радио хабарлар туралы 
заңдарды сақтау керек. Сәйкестікті қамтамасыз ету үшін WLAN 
мүмкіндігін тек қана камераны сатып алған елде қолдану керек.
•  Желі параметрлерін реттеу процессі желі шарттарына байланысты 
басқаша болуы мүмкін.
•  Қолдану үшін авторизацияланбаған желіге кірмеңіз.
•  Желіге қосылудан бұрын батареяның толық зарядталғанын тексеріңіз.
•  Кейбір режимдерде түсірілген файлдарды кері қотару немесе жіберу 
мүмкін емес.
•  Басқа құрылғыға тасымалданған файлдарға құрылғы қолдау 
көрсетпеуі мүмкін. Бұл жағдайда файлдарды ойнату үшін компьютерді 
пайдаланыңыз.