Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Сымсыз желі
  120
Файлдарды смартфонға автоматты түрде сақтау
Камера WLAN желісі арқылы AutoShare мүмкіндігіне қолдау көрсететін смартфонға қосылады. Камерамен фотосурет түсірген кезде фотосурет смартфонға 
автоматты түрде сақталады.
•  
AutoShare мүмкіндігіне Android немесе iOS жүйесі орнатылған смартфондар немесе планшеттер қолдау көрсетеді. Кейбір мүмкіндіктерге кейбір үлгілер қолдау 
көрсетпеуі мүмкін. Бұл мүмкіндікті пайдалану алдында құрылғының шағын бағдарламасын соңғы нұсқасына жаңартыңыз. Егер шағын бағдарламаның соңғы 
нұсқасы болмаса, бұл функция дұрыс істемеуі мүмкін.
•  
Бұл мүмкіндікті пайдалану алдында телефонға немесе құрылғыға Samsung SMART CAMERA App орнату қажет. Бағдарламаны Samsung Apps, Google Play Store 
немесе Apple App Store қызметінен жүктеп алуға болады. Samsung SMART CAMERA App 2013 жылы немесе кейін өндірілген Samsung камерасының үлгілерімен 
үйлесімді.
•  
Бұл мүмкіндік кейбір Суретке түсіру режимдерінде ішкі жадпен қол жетімді болмайды.
•  
Егер бұл функцияны орнатсаңыз, баптау тіпті Суретке түсіру режимін өзгерткеннің өзінде сақталады.
•  
Бұл мүмкіндікке кейбір режимдерде қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Камерада смартфонға камераға қосылуға рұқсат етіңіз.
•   Егер алдында камераға смартфон қосылған болса, ол автоматты 
түрде қосылады.
•   Қосылым күйін көрсететін белгіше ( ) камераның экранында пайда 
болады.
Камерада фотосурет түсіріңіз.
•   Түсірілген фотосурет камераға сақталып, кейін смартфонға 
тасымалданады.
•   Егер бейне жазсаңыз, ол тек камераға сақталады.
•   Қимылды фотосурет режимінде түсірілген GIF файлы смартфонға 
сақталмайды.
•   Бейне жазған кезде түсірілген сурет файлы смартфонға сақталмайды.
•   Егер GPS мүмкіндігі смартфон іске қосылған болса, GPS мәліметтері 
түсірілген фотосуретпен сақталады.
Камерада Суретке түсіру режиміндегі [m] басыңыз.
Камерада AutoShare → Қосулы таңдаңыз.
•   Егер қолданбаны жүктеуді ұсынатын қалқымалы хабар пайда болса 
Келесі пәрменін таңдаңыз.
•   Смартфонды камераға қосқанда PIN кодын растауды талап ету үшін 
Қауіпсіздік параметрлерітармағын таңдаңыз. (143-б.)
Смартфонда Samsung SMART CAMERA App Қосыңыз.
•   iOS құрылғылары үшін қолданбаны қоспай тұрып Wi-Fi мүмкіндігін 
қосыңыз.
•   NFC қолдауы бар смартфонда бағдарламаны автоматты түрде іске 
қосу үшін функцияны қосып, смартфонды камерадағы NFC белгісінің 
Тізімнен камераны таңдап, смартфонды камераға қосыңыз.
•   Смартфон бір рет ішінде тек бір камераға қосыла алады.
•   Wi-Fi құпиялық құлпы қосылған болса, смартфонда камерада 
көрсетілген PIN кодын енгізіңіз.