Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Сымсыз желі
  127
Фотосуреттерді немесе бейнелерді жіберу үшін Авто сақтық көшірме пайдалану
Камерамен түсірілген фотосуреттерді немесе бейнелерді компьютерге сымсыз жіберуге болады.
Фотосуреттерді немесе бейнелерді компьютерге 
жіберу
Режимді таңдау дискісін w күйіне бұраңыз.
 таңдаңыз.
•   Егер қолданбаны жүктеуді ұсынатын қалқымалы хабар пайда болса 
Келесі пәрменін таңдаңыз.
•   Камера ең соңғы қосылған қатынас нүктесі құрылғысы арқылы 
WLAN желісіне автоматты түрде қосылуға әрекет жасайды. 
•   Егер камера бұрын WLAN желісіне қосылмаған болса, ол қол жетімді 
қатынас нүктесі құрылғыларын іздейді. (115-б.)
Авто сақтық көшірме бағдарламасын компьютерге 
орнату
Компьютерге i-Launcher орнатыңыз. (108-б.)
Камераны USB кабелімен компьютерге жалғаңыз.
Авто сақтық көшірме бағдарламасының белгішесі пайда 
болған кезде оны басыңыз.
•   Авто сақтық көшірме бағдарламасы компьютерге орнатылады. 
Орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз. 
USB кабелін алып тастаңыз.
Бағдарламаны орнату алдында компьютердің желіге қосылғанын 
тексеріңіз.