Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Файлдарды жіберу үшін Samsung Link пайдалану
Сымсыз желі
  135
Samsung Link қолдауы бар құрылғыларда 
фотосуреттерді немесе бейнелерді қарау
Режимді таңдау дискісін w күйіне бұраңыз.
 → Маңайдағы құрылғылар таңдаңыз.
•   Егер нұсқаулық хабары пайда болса, OK таңдаңыз.
•   Камера ең соңғы қосылған қатынас нүктесі құрылғысы арқылы 
WLAN желісіне автоматты түрде қосылуға әрекет жасайды. 
•   Егер камера бұрын WLAN желісіне қосылмаған болса, ол қол жетімді 
қатынас нүктесі құрылғыларын іздейді. (115-б.)
•   [m] басып және экрандағы DLNA кіру мүмкіндігін 
басқару таңдап, тек таңдалған құрылғылардың немесе барлық 
құрылғылардың қосылуын теңшеуге болады.
•   Ортақтасу файлдарының тізімі жасалады. Басқа құрылғылар 
камераны тапқанша күтіңіз.
Samsung Link құрылғысын желіге қосып, Samsung Link 
мүмкіндігін қосыңыз.
•   Қосымша ақпарат алу үшін құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын 
қараңыз.
Камерада Samsung Link құрылғысының камераға қосылуына 
рұқсат беріңіз.
Samsung Link құрылғысында қосылатын камераны таңдаңыз.
Samsung Link құрылғысында ортақтасқан фотосуреттерді 
немесе бейнелерді шолыңыз.
•   Камераны іздеу және Samsung Link құрылғысында фотосуреттерді 
немесе бейнелерді шолу туралы ақпарат алу үшін құрылғының 
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
•   Samsung Link құрылғысының түріне немесе желі күйіне қарай 
бейнелер бірқалыпты ойнатылмауы мүмкін. Егер бұл орын алса, 
бейнені 640 X 480 немесе кішілеу сапада қайта жазып, оны қайта 
ойнатыңыз. Егер бейнелер сымсыз қосылым арқылы құрылғыда 
бірқалыпты ойнатылмаса, камераны дыбыс/бейне кабелімен 
құрылғыға жалғаңыз.
Қатынас нүктесі
▲  Камера WLAN арқылы Samsung Link қолдауы бар теледидарға 
жалғанады.