Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Қосымшалар
  145
Қате туралы хабарлар
Келесі қате туралы хабар пайда болған кезде оларды түзетуге әрекет жасаңыз.
Қате туралы хабар
Ұсынылған түзетулер
Файл жүйесіне 
қолдау 
көрсетілмейді.
Камера салынған жад картасының FAT файл 
құрылымына қолдау көрсетпейді. Камерадағы 
жад картасын пішімдеңіз.
Баптандыру сәтсіз 
болды.
Камера арқылы Samsung Link мүмкіндігіне 
қолдау көрсететін құрылғыны орналастыру сәтсіз 
аяқталды. Samsung Link мүмкіндігіне қолдау 
көрсететін желідегі құрылғыларды қосыңыз.
Батарея заряды 
төмен
Зарядталған батареяны салыңыз немесе 
батареяны қайта зарядтаңыз.
Жад толы
Қажетсіз файлды жойыңыз немесе жаңа жад 
картасын салыңыз.
Сурет файлы жоқ
Фотосуреттерге түсіріңіз немесе кейбір 
фотосуреттерден тұратын жад картасын салыңыз.
Құпиясөз дұрыс 
емес
Файлдарды басқа камераға тасымалдауға арналған 
құпия сөз дұрыс емес. Дұрыс құпия сөзді енгізіңіз.
Тасымалдау сәтсіз 
болды.
•  Камера арқылы электрондық пошталарды 
немесе файлдарды басқа құрылғыларға жіберу 
сәтсіз аяқталды. Қайта жіберуге әрекет жасаңыз.
•  Желі байланысын тексеріп, әрекетті қайталаңыз.
Қате туралы хабар
Ұсынылған түзетулер
Файл мазмұнын оқу 
мүмкіндігі жоқ
Зақымдалған файлды жойыңыз немесе қызмет 
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Карта қатесі
•  Камераны өшіріп, оны қайта қосыңыз.
•  Жад картасын алып тастап, оны қайта салыңыз.
•  Жад картасын пішімдеңіз.
Картаға қолдау 
көрсетілмейді.
Камера салынған жад картасына қолдау 
көрсетпейді. microSD, microSDHC немесе 
microSDXC жад картасын салыңыз.
Қосылым 
орнатылмады.
•  Таңдалған кіру нүктесі арқылы камераны желіге 
қосу мүмкін емес. Басқа AP таңдап, әрекетті 
қайталаңыз.
•  Камераны басқа құрылғыларға қосу сәтсіз 
аяқталды. Қайта қосуға әрекет жасаңыз.
DCF Full Error
Файл аттары DCF стандартына сәйкес келмейді. 
Файлдарды жад картасынан компьютерге 
тасымалдап, картаны пішімдеңіз. Одан кейін 
"Параметрлер" мәзірін ашып, Файл нөмірі →  
Ысыру пәрменін таңдаңыз. (141-б.)
Құрылғы 
ажыратылды.
Фотосуреттер қолдау көрсетілетін құрылғыларға 
тасымалдануы кезінде желі байланысы 
ажыратылады. Қолдау көрсетілетін құрылғыны 
қайта таңдаңыз.