Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Камераға техникалық қызмет көрсету
Қосымшалар
  148
•  Камера сезімтал бөліктерден тұрады. Камераның зақымдануын 
болдырмаңыз.
•  Пайдаланбаған кезде қорапта сақтау арқылы дисплейді сыртқы күштен 
қорғаңыз. Құм, үшкір заттар немесе тиындардан алыс ұстау арқылы 
камераны сызаттардан қорғаңыз.
•  Экраны бұзылған немесе зақымдалған камераны пайдаланбаңыз. 
Сынған шыны немесе акрил қол мен беттің жарақаттануына әкелуі 
мүмкін. Камераны жөндету үшін Samsung қызмет көрсету орталығына 
апарыңыз.
•  Камераларды, батареяларды, зарядтағыштарды немесе аксессуарларды 
ешқашан шағын толқынды пештер, плиталар немесе радиаторлар 
сияқты жылыту құрылғыларына жақын орналастырмаңыз. Жылу осы 
құрылғыларды майыстыруы немесе шамадан көп қыздыруы мүмкін 
және нәтижесінде өртке немесе жарылуға әкелуі мүмкін.
•  Объективті тікелей күн сәулесінде пайдаланбаңыз, себебі ол сурет 
датчигінің түсін өзгертуі немесе ақаулыққа әкелуі мүмкін.
•  Объективті саусақ іздері мен сызаттардан қорғаңыз. Объективті жұмсақ, 
таза, түксіз объектив матасымен тазалаңыз.
•  Камера соқтығысқан кезде немесе құлаған кезде өшірілуі мүмкін. Бұл 
жад картасын қорғауға арналған. Қайта пайдалану үшін камераны 
қосыңыз.
•  Камераны қолмен ұстамаған кезде және экран жоғары көтеріліп тұрған 
кезде, үш аяқты тіректі пайдаланыңыз. Бұл қалыпты болып табылады әрі 
камера жұмысына зиян тигізбейді.
•  Камераны төмен температураларда пайдалану кезінде қосу үшін шамалы 
уақыт керек болуы мүмкін, дисплей түсі уақытша өзгеруі мүмкін немесе 
суреттерден кейін пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайлар ақаулықтар болып 
табылмайды әрі камера орташа температураларға қайтарылған кезде 
олар түзетіледі.
•  Камера сыртындағы бояу немесе металл аллергияларға, тері қышуына, 
экзема немесе сезімтал терілі адамдардың ісінуіне әкелуі мүмкін. Егер 
осы белгілердің бірі кездессе, камераны пайдалануды дереу тоқтатып, 
дәрігерге көрініңіз.
•  Камераның бөліктеріне, саңылауларына немесе қатынасу нүктелеріне 
бөгде заттарды салмаңыз. Дұрыс пайдаланбауға байланысты зақым 
кепілдікпен жабылмайды.
•  Камераны мамандандырылмаған қызметкерлерге жөндеуге мүмкіндік 
бермеңіз немесе өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Сапасыз қызметтен 
болатын кез келген зақым кепілдікпен қамтылмайды.
Жад карталары туралы ақпарат
Қолдау көрсетілетін жад карталары
Камера microSD (қауіпсіз сандық), microSDHC (қауіпсіз сандық жоғары 
сыйымдылықты) немесе microSDXC (қауіпсіз сандық кеңейтілген 
сыйымдылықты) жад карталарына қолдау көрсетеді. 
Жад картасы
Жад картасының адаптері
Деректерді компьютер немесе жад картасын оқу құралымен оқу үшін жад 
картасын жад картасының адаптеріне салыңыз.