Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Қосымшалар
  155
Қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын
Егер камерамен қиындық туса, қызмет көрсету орталығына хабарласпас бұрын осы қиындықтарды шешу процедураларын пайдаланыңыз. Егер ұсынылған 
түзетуге әрекет жасалса және әлі де құрылғымен мәселелер болса, жергілікті дилер немесе қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Камераны қызмет көрсету орталығында қалдырған кезде жад картасы немесе батарея сияқты ақаулыққа әкелетін басқа құрамдастарды да қалдырыңыз.
Оқиға
Ұсынылған түзетулер
Фотосуреттерге түсіру 
мүмкін емес
•  Жад картасында бос орын жоқ. Қажетсіз 
файлды жойыңыз немесе жаңа карта 
салыңыз.
•  Жад картасы баптандырылмаған. Жад 
картасын пішімдеңіз. 
•  Жад картасы ақаулы болып табылады. 
Жаңа жад картасын алыңыз.
•  Камераның қосылғанын тексеріңіз.
•  Батареяны зарядтаңыз.
•  Батареяның дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Камера қатады
Егер камера ақаулы болса, ол күтпеген 
жерден қатып қалуы мүмкін. Батареяны 
алып тастап, оны қайта салыңыз.
Камера қызып кетті
Камераны қолмен ұстамаған кезде және экран 
жоғары көтеріліп тұрған кезде, үш аяқты тіректі 
пайдаланыңыз. Бұл қалыпты болып табылады 
әрі камера жұмысына зиян тигізбейді.
Жарқыл жұмыс істемейді
•  Жарқыл параметрі Өшірулі күйіне 
орнатылуы мүмкін. (70-б.)
•  Кейбір режимдерде жарқылды пайдалану 
мүмкін емес.
Оқиға
Ұсынылған түзетулер
Камераны қосу мүмкін 
емес
•  Батареяның салынғанын тексеріңіз.
•  Батареяның дұрыс салынғанын тексеріңіз. 
•  Батареяны зарядтаңыз.
Қуат дереу өшіріледі
•  Батареяны зарядтаңыз.
•  Камера Авто өшіру режимінде болуы 
мүмкін. (142-б.)
•  Жад картасының зақымдалуынан қорғау 
мақсатында камера өшірілуі мүмкін. 
Камераны қайта қосыңыз.
Камера батареясының 
қуаты жылдам азаюда
•  Батарея төмен температураларда қуатын 
жылдам жоғалтуы мүмкін (0 °C/32 °F 
шамасынан төмен). Батареяны сөмкеге 
салу арқылы жылы сақтаңыз.
•  Жарқыл немесе бейнелерге жазуды 
пайдалану батареяны жылдам тауысады. 
Қажет болса қайта зарядтаңыз.
•  Батареялар - уақыт өте келе ауыстырылуы 
қажет қолданбалы бөліктер. Егер 
батареяның қызмет мерзімі жылдам 
азайса, жаңа батарея алыңыз.