Samsung WB350F ユーザーズマニュアル

ページ / 172
Суретке түсіру параметрлері
  67
Ажыратымдылықты және сапаны таңдау
Сурет ажыратымдылығы және сапасы баптауларын өзгертуді үйреніңіз.
Бейне ажыратымдылығын орнату
Суретке түсіру режимінде [m] басыңыз.
Бейне өлшемі таңдаңыз.
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Сипаттама
1920 X 1080: HDTV теледидарында ойнатылатын жоғары 
сапалы HD файлдары.
1280 X 720: HDTV теледидарында ойнатылатын HD 
файлдары.
640 X 480: аналогтық теледидарда ойнатылатын SD 
файлдары.
Ортақтасу үшін: ортақтасу қызметіне сымсыз желі арқылы 
орналастыру (ең көп 30 секунд).
Ажыратымдылықты таңдау
Ажыратымдылықты ұлғайтқан сайын фотосурет немесе бейне көбірек 
пиксельді қамтиды, сондықтан оны үлкендеу қағазда басып шығаруға 
немесе үлкендеу экранда көрсетуге болады. Жоғары ажыратымдылықты 
пайдаланған кезде файл өлшемі де ұлғаяды.
Фотосурет ажыратымдылығын орнату
Суретке түсіру режимінде [m] басыңыз.
Фотосурет өлшемі таңдаңыз. 
Параметрді таңдаңыз.
Белгіше Сипаттама
4608 X 3456: A1 қағазында басып шығару.
4608 X 3072: A1 қағазында кең арақатынасымен (3:2) 
басып шығару.
4608 X 2592: A1 қағазында панорама арақатынасымен 
(16:9) басып шығару немесе HDTV теледидарында ойнату.
3648 X 2736: A2 қағазында басып шығару.
2832 X 2832: A3 қағазында 1:1 арақатынасымен басып 
шығару.
2592 X 1944: A4 қағазында басып шығару.
1984 X 1488: A5 қағазында басып шығару.
1920 X 1080: A5 қағазында панорама арақатынасымен 
(16:9) басып шығару немесе HDTV теледидарында ойнату.
1024 X 768: электрондық хабарға тіркеу.
  T p A h M s i g