Panasonic TH-47LF30ER 操作ガイド

ページ / 12
5
Қауіпсіздік шаралары
 ЕСКЕРТУ 
 СК дисплейді пайдалану барысында
Дисплейдің желдету тесіктеріне қолыңызды, бетіңізді немесе басқа заттарды жақындатпаңыз.
• Дисплейдің жоғарғы жағынан ыстық ауа шығады. Қолыңызды, бетіңізді жəне жоғары температураға төзімсіз 
басқа  да  заттарды  жақындатпаңыз,  керіжағдайда  күйіп  қалуыңыз  мүмкін  немесе  заттар  зақымдалуы 
ықтпмал.
Дисплейді орнынан жылжытпас бұрын барлық кабельдерін ажыратыңыз.
• Дисплей кейбір кабельдері қосулы кезде жылжытылса, кабельдерге зақым келуі мүмкін, ол өртке немесе 
ток соғуға апарып соғуы ықтпмал.
Кез  келген  тазалау  жұмысының  алдында  қауіпсіздік  шарасы  ретінде  қабырға  розеткасынан  электр 
шнурының штепселін ажыратыңыз.
• Керісінше жағдайда ток соғуы мүмкін.
Шаң басып қалмас үшін, электр шнурын жиі сүртіп тұрыңыз.
• Егер  электр  шнурының  штепселін  шаң  басып  қалса,  нəтижесінде  пайда  болған  ылғал  оқшаулауғышты 
зақымдап, өрт пайда болуы мүмкін. Электр шнурының штепселін қабырға розеткасынан ажыратып, электр 
шнурын құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Батареяларды жақпаңыз жəне зақымдамаңыз.
• Батареялардың күн көзі, от жəне т.с.с. ыстықта қалуына жол бермеңіз.
Тазалау жəне техникалық қызмет көрсету
Дисплейлің алдыңғы жағында арнайы жабын бар. Панель бетін тек тазалағыш немесе жұмсақ, сызықтары 
жоқ шүберекпен абайлап сүртіңіз.
• Егер  панел  беті  тым  кір  болса,  таза  суда  немесе  бейтарап  жуғыш  зат 100 есе  сұйылтылған  суда 
ылғалдандырылған  жұмсақ,  сызықтары  жоқ  шүберекпен  сүртіңіз,  одан  кейін  дəл  сондай  дымқыл  емес 
шүберекпен панель беті құрғағанша сүртіңіз.
• Панель бетін тырнақпен немесе басқа қатты заттармен тырнамаңыз жəне тигізіп алмаңыз, кері жағдайда 
оған зақым тиюі ықтимал. Сондай-ақ, жəндіктерге қарсы спрейлер мен еріткіштер сияқты күшті химиялық 
заттардан қорғаңыз, себебі олар панель бетіне зиян тигізуі ықтимал.
Корпус кірлесе, оны жұмсақ əрі құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
• Егер корпус тым кірлеп кетсе, бейтарап жуғыш заттың аз мөлшері қосылған суда шүберекті ылғалдандырып, 
одан кейін құрғақ қылып сығып алыңыз. Корпусты осы шүберекпен сүртіп, құрғақ шүберекпен құрғатыңыз.
• Жуғыш заттардың дисплей бетіне тікелей тиюіне жол бермеңіз. Дисплей ішіне су тамшылары кіріп кетсе, 
оның қызметінде ақау пайда болуы мүмкін.
• Сондай-ақ, жəндіктерге қарсы спрейлер мен еріткіштер сияқты күшті химиялық заттардан қорғаңыз, себебі 
корпус сапасына зиян келуі не тіпті сыртқы жабыны түсіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ, резина не пластмассадан 
жасалған заттармен ұзақ уақыт бірге тұруына жол бермеңіз.
Химиялық шүберекті пайдалану
• Панель бетіне химиялық шүберекті пайдаланбаңыз.
• Корпусқа пайдалану үшін химиялық шүберекті пайдалану жөніндегі нұсқауларды орындаңыз.