Panasonic ERSB60 操作ガイド

ページ / 68
55
Қа
зақша
Құрылғыны кәдеге жарату кезіндегі алынған 
батареяға қатысты әрекеттер
ҚАУІПТІ
Қайта зарядталмалы батарея тек осы құрылғыда 
пайдалануға арналған. Батареяны басқа өнімдерде 
пайдаланбаңыз. 
Өнімнен алғаннан кейін батареяны зарядтамаңыз.
 Отқа лақтырмаңыз немесе қыздырмаңыз.
 Соқпаңыз, бөлшектемеңіз, өзгертпеңіз немесе 
тырнақпен теспеңіз.
 Батареяның оң және теріс клеммаларының металл 
заттар арқылы бір біріне тиюіне жол бермеңіз.
 Батареяны алқалар сияқты металл зергерлік 
бұйымдармен және түйреуіштермен бірге алып 
жүрмеңіз немесе сақтамаңыз.
 Тік күн сәулесі немесе басқа қызу көздері сияқты 
жоғары температуралар әсер ететін жерде батареяны 
пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз.
 Ешқашан түтікті кеспеңіз.
‑ Әйтпесе, қызып кетуі, тұтануы немесе жарылуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ
Қайта зарядталмалы батареяны алғаннан кейін 
балалар және нәрестелер жететін жерде сақтамаңыз.
‑ Кездейсоқ жұтылса, батарея денені жарақаттайды. 
Егер бұл орын алса, бірден дәрігерге барыңыз.
Егер батарея сұйықтығы ақса, батареяны қолдармен 
ұстамаңыз.
‑ Көздерге тисе, батарея сұйықтығы соқырлыққа әкелуі мүмкін. 
Көздеріңізді уқаламаңыз. Таза сумен бірден жуыңыз және 
дәрігерге хабарласыңыз.
‑ Теріге немесе киімдерге тисе, батарея сұйықтығы қызаруға 
немесе жарақатқа әкелуі мүмкін. 
Оны таза сумен мұқият жуыңыз және дәрігерге хабарласыңыз.
Арналған мақсаты
• Саптаманы пайдалану алдында дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. 
Бұлай істемеу шаштың тым қысқа қырқылуына әкелуі мүмкін.
• Құралды жануарлардың жүнін қырқу үшін пайдалануға болмайды.
• Алмасты қолдану алдында және соңында май жағыңыз.  
(62 бетін қараңыз.) 
Май жақпау келесі мәселелерді тудыруы мүмкін.
‑ Құрылғының алмасы өтпей қалды.
‑ Қысқарақ жұмыс уақыты.
‑ Қаттырақ дыбыс.
• Еріткіш, бензин, алкоголь не басқа химиялық заттарды 
пайдаланбаңыз. Бұлай істеу құрылғы корпусының істен шығуына, 
жарықшақтануына немесе өңсізденуіне әкелуі мүмкін. Құрылғы 
корпусын құбыр суына немесе сабынды суға суланған жұмсақ 
матамен тазалаңыз.
• Әрбір қолданған сайын саптаманы орнатыңыз. Әйтпесе, балалар 
алмасты алып тастап, жұтып қоюы мүмкін немесе алмас 
зақымдалуы мүмкін.
• Пайдаланудан кейін құрылғыны ылғалдылық төмен жерде сақтаңыз. 
Бұлай істемеу конденсатқа немесе тотқа байланысты ақаулық 
тудыруы мүмкін.
• Келесі таңба электр құрылғыны электр желісіне қосу үшін арнайы 
ажыратылмалы қуат көзі құрылғысы қажет екенін көрсетеді. Қуат 
көзі құрылғысының түріне сілтеме таңбаның жанында белгіленген.
ER-SB60_CIS.indb   55
2017/08/04   16:27:39