Philips BT3600R/00 ユーザーズマニュアル

ページ / 16
6
KK
4  Bluetooth 
құрылғыларын 
пайдалану
Бұл динамикпен Bluetooth қосылған 
құрылғылардан дыбысты тыңдауға және 
Bluetooth арқылы кіріс қоңырауын басқаруға 
болады.
Құрылғыны қосу
Ескертпе
 
Құрылғыны осы динамикпен жұптамастан бұрын 
оның Bluetooth үйлесімділігіне арналған пайдаланушы 
нұсқаулығын оқыңыз. 
 
Динамик ең көбі төрт жұпталған құрылғыны есте 
сақтай алады. Бесінші жұпталған құрылғы біріншісін 
ауыстырады.
 
Құрылғыдағы Bluetooth функциясы қосулы 
екенін және құрылғыңыз барлық басқа Bluetooth 
құрылғыларына көрінетіндей орнатылғанын тексеріңіз. 
 
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысының 
арасындағы кез келген кедергі жұмыс ауқымын 
қысқартуы мүмкін. Кедергі келтіруі мүмкін кез келген 
басқа электр құрылғысынан алыс ұстаңыз.
 
Осы динамик пен Bluetooth құрылғысы арасындағы 
жұмыс ауқымы шамамен 10 метр (30 фут).
 
Ешқандай аудио кірісі кабелінің AUDIO IN ұяшығына 
жалғанбағанын тексеріңіз.
Құрылғыны NFC арқылы қосу
Near Field Communication (NFC) — ұялы 
телефондар және IC тегтері сияқты әр түрлі 
NFC үйлесімді құрылғылар арасында қысқа 
ауқымды сымсыз байланысқа мүмкіндік 
беретін технология. 
Bluetooth құрылғыңыз NFC технологиясын 
қолдаса, оны осы динамикпен оңай қоса 
аласыз.
Динамикті қосыңыз. 
 
»
ЖШД көрсеткіші көк түсті болып 
жыпылықтайды.
Bluetooth қосулы құрылғысында NFC 
мүмкіндігін қосыңыз (құрылғының 
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Динамиктегі NFC тегін Bluetooth 
құрылғысының артқы жағындағы NFC 
аумағын түртіңіз.
  
Bluetooth құрылғыңызда «BT3600» 
құрылғысымен жұптау сұрауын 
қабылдаңыз. Қажет болса, жұптау құпия 
сөзі ретінде «0000» мәнін енгізіңіз. 
Жұптау және қосу әрекетін аяқтау үшін 
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
 
»
Сәтті жұптап, қосқаннан кейін, 
динамик екі рет сигнал шығарады 
және ЖШД көрсеткіші тұтас көк 
түске айналады.
Құрылғыны қолмен қосу
Динамикті қосыңыз.
 
»
ЖШД көрсеткіші көк түсті болып 
жыпылықтайды.
Bluetooth құрылғысында Bluetooth 
функциясын қосыңыз және Bluetooth 
құрылғыларын іздеңіз (құрылғының 
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз).
Құрылғыда [Philips BT3600] 
көрсетілгенде жұптауды және қосуды 
бастау үшін оны таңдаңыз. Қажет болса, 
«0000» әдепкі құпия сөзін енгізіңіз. 
 
»
Сәтті жұптап, қосқаннан кейін, 
динамик екі рет сигнал шығарады 
және ЖШД көрсеткіші тұтас көк 
түске айналады.