Philips AJ3500/12 사용자 설명서

다운로드
페이지 16
2
KK
1  Маңызды 
ақпарат
Қауіпсіздік
•  Осы нұсқауларды оқыңыз.
•  Барлық ескертулерді ескеріңіз.
•  Барлық нұсқауларды орындаңыз.
•  Бұл радио-сағатты судың жанында 
пайдаланбаңыз.
•  Тек құрғақ шүберекпен тазалаңыз.
•  Желдету саңылауларын бітемеңіз. 
Өндірушінің нұсқауларына сәйкес 
орнатыңыз.
•  Радиаторлар, жылытқыштар, 
пештер немесе жылу шығаратын 
басқа құрылғылар (соның ішінде 
күшейткіштер) сияқты жылу 
көздеріне жақын орнатпаңыз. 
•  Әсіресе қуат сымының ашаларын, 
электр розеткаларын және олардың 
радиосағаттан шығатын жерлерін 
басылып немесе қысылып қалудан 
қорғаңыз.
•  Тек өндіруші көрсеткен 
қосымшаларды/қосалқы құралдарды 
қолданыңыз.
•  Найзағай ойнағанда немесе 
ұзақ уақыт қолданылмағанда, 
осы радиосағатты ток көзінен 
ажыратыңыз.
•  Барлық қызмет көрсету жұмыстарын 
білікті қызмет көрсетуші мамандарға 
істетіңіз. Радиосағаттың қуат сымы 
немесе ашасы бүлінген болса, оған су 
тиіп немесе үстіне зат құлаған болса, 
оған жаңбыр немесе ылғал заттар 
тисе, ол дұрыс жұмыс істемей тұрса 
немесе құлап қалған және басқаша 
бүлінген болса, оны жөндеу қажет.
•  Осы радиосағаттың үстіне су 
тамшылауына немесе шашырауына 
жол беруге болмайды. 
•  Радиосағаттың үстіне қандай да бір 
қауіп көздерін (мысалы, сұйықтық 
құйылған заттар, жағылған шырақтар) 
қоймаңыз. 
•  Желі істікшесі немесе құралды 
жалғаушы ажырату құрылғысы 
ретінде қолданылғанда ажырату 
құрылғысы жұмыс істеуге дайын 
күйінде қалады.
Батареяларды жұтып қою қаупі бар
•  Өнімде немесе қашықтан басқару 
құралында жұтылып кетуі мүмкін 
түйме тәрізді батарея болады. Барлық 
жағдайда батареяны балалардан аулақ 
ұстаңыз! Жұтылған жағдайда батарея 
ауыр жарақатқа немесе өлімге себеп 
болуы мүмкін. Жұтылғаннан кейін екі 
сағат ішінде ішкі мүшелердің күйіп қалу 
қауіпі бар.
•  Батареяны жұтып қойды немесе 
денесінің басқа жеріне кіріп кетті 
деп күдіктенсеңіз, дереу дәрігерге 
қаралыңыз.
•  Батареяны ауыстыру кезінде, барлық 
жаңа және ескі батареяларды 
балалардың қолы жетпейтін жерде 
ұстаңыз. Батареяны ауыстырғаннан кейін, 
батарея бөлімінің жақсылап жабылғанын 
тексеріңіз.
•  Егер батарея бөлімін жақсылап жабу 
мүмкін болмаса, өнімді қолданбаңыз. 
Балалардың қолы жетпейтін жерге 
қойып, өндірушіге хабарласыңыз.