LG LG G Pad 10.1 사용자 가이드
34
Жылдам өту пернелері негізгі экранның төменгі жағында қол жетімді
және ол ең көп пайдаланылатын функцияларға оңай, бір рет түртіп өтуге
мүмкіндік береді.
Күй жолағы – Құрылғының күй
ақпаратын, оның ішінде уақыт,
Wi-Fi сигналының күшін, батарея
зарядын және хабарлау белгішелерін
көрсетеді.
Артқа пернесі – Алдыңғы экранға қайтарады. Сонымен
қатар мәзірлер, диалогтық терезелер және экрандағы
пернетақта сияқты қалқымалы элементтерді жабады.
Қос терезені ашу үшін оны түртіп тұрыңыз.
Соңғы қолданбалар пернесі – соңғы пайдаланылған
қолданбаларды көру үшін түртіңіз. Бағдарламалардағы
Мәзір опцияларын көрсету үшін де оны түртіп тұруға
болады.
Қолданба белгішелері – Белгішені
(қолданба, виджет, қалта, т.б.) ашу
және пайдалану үшін оны түртіңіз.
Жылдам өту пернелері – Ең жиі
пайдаланылатын функцияларға оңай,
бір рет түрту арқылы өтуге мүмкіндік
береді.
Үй пернесі – негізгі экранға қайтарады (немесе негізгі
экран кеңейтімі кенептерінің кез келгенінен әдепкі негізгі
экран кенептеріне қайтарады). Google Now қызметін
ашу үшін оны түртіп тұрыңыз.
Қос терезе түймесі – қос терезе режимін өзгерту
үшін түртіңіз. Бұл экранды екіге бөлу арқылы әр түрлі
қолданбаларды басқаруға мүмкіндік береді.