Zanussi ZOG511211B 사용자 설명서

다운로드
페이지 72
ЕСКЕРТУ!
Бұрылмалы істікті алған кезде
тұмшапеш қолғабын
пайдаланыңыз. Бұрылмалы істік
пен гриль ыстық. Күйіп қалу
қатері бар.
A
B
C
D
A. Бұрылмалы істіктің жақтауы
B. Шанышқылар
C. Істік
D. Тұтқасы
1. Бұрылмалы істіктің тұтқасын істікке
салыңыз.
2. Шұңғыл табаны ең астыңғы сөре
қалпына қойыңыз.
3. Істіктің жақтауын астынан санағанда
үшінші деңгейге қойыңыз.
4. Бірінші шанышқыны істікке орнатыңыз
да, содан кейін етті бұрылмалы істікке
салып, екінші шанышқыны орнатыңыз.
5. Шанышқыларды қатайту үшін
бұрандаларды пайдаланыңыз.
6. Істіктің ұшын бұрылмалы істіктің
тесігіне салыңыз.
7. Істіктің артқы жағын бұрылмалы істіктің
жақтауына салыңыз.
"Бұйым сипаттамасы" тарауын
қараңыз.
8. Бұрылмалы істіктің тұтқасын алыңыз.
9. Бұрылмалы істік параметрі бар
функцияны таңдаңыз. Бұрылмалы істік
айналады.
10. Қажетті температураны орнатыңыз.
Пісіру кестелеріне қараңыз.
Керек-жарақтарды салу
Торкөз сөре:
Сөре сырғытпасының бағыттағыштарының
арасына салып итеріп, тіректерінің төмен
қарап тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пісірме табақ:
Пісірме табақты сөре сырғытпасының
бағыттағыштарының арасына салып
итеріңіз.
www.zanussi.com
9