Zanussi ZEN6641XBA 사용자 설명서

다운로드
페이지 60
Ақаулық
Ықтимал себебі
Шешімі
 жанады.
Пеште ақау пайда болды,
себебі ыдыстың ішіндегісі
таусылғанша қайнаған.
Автоматты қосқыш сөндірулі
және алаңдардың қатты
қызудан қорғау құралы іске
қосылады.
Пешті сөндіріңіз. Ыстық
ыдысты алыңыз. Шамамен 30
секунд өткеннен кейін алаңды
қайта қосыңыз. Мәселе
ыдысқа байланысты болса,
ақау хабары көрінбей кетеді.
Қалдық қызу индикаторы
қосылып тұруына болады.
Ыдысты әбден салқындатып
алыңыз. Ыдыстың пештің
үстіне сай келетін-келмейтінін
тексеріңіз.
“Ақыл-кеңестер және
ұсыныстар” тарауын қараңыз.
E6 жанады.
Қуатпен жабдықтаудың екінші
фазасы жетіспей тұр.
Пештің электр көзіне дұрыс
қосылғанына көз жеткізіңіз.
Сақтандырғышты алып, бір
минут күтіп, сақтандырғышты
қайта салыңыз.
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз...
Ақаулықты түзету шешімін өзіңіз таба
алмасаңыз, дилеріңізге не уәкілетті қызмет
көрсету орталығына хабарласыңыз.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
деректерді беріңіз. Сонымен қоса, шыны
керамиканың үш саннан тұратын нөмірін,
(шынының бетіндегі бұрышта) және
ақаулық орын алғанда көрсетілген хабарды
беріңіз. Пешті дұрыс пайдаланғаныңызға
көз жеткізіңіз. Бұлай істемеген жағдайда,
қызмет көрсету орталығының технигі
немесе дилер көрсеткен қызмет, кепілдік
мерзімі кезінде де ақылы болуы мүмкін.
Қызмет көрсету орталығына қатысты
нұсқаулар мен кепілдік шарттары кепілдік
кітапшасында берілген.
Орнату
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын қараңыз.
Орнату алдында
Пешті орнату алдында, техникалық
сипаттама тақтайшасынан келесі
деректерді жазыңыз. Техникалық ақпарат
тақтайшасы пештің астыңғы жағында
орналасқан.
Сериялық нөмірі ...........................
Кіріктірілген пештер
Кіріктірілген пештерді, пешті дұрыс
қондырылған құрылғыларға және
стандартты талаптарға сай келетін жұмыс
беттеріне құрастырғаннан кейін ғана
пайдаланыңыз.
Қосылым сымы
• Пеш электр қосылымы сымымен
жабдықталған.
• Зақымданған қуат сымын ауыстыру үшін
келесі сымның түрлерін (немесе
жоғары) қолданыңыз: H05V2V2-F T
кемінде 90°C. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
www.zanussi.com
15