Redmond RI-C 232 черный 사용자 설명서

다운로드
페이지 40
22
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану 
бойынша  нұсқаулықты  мұқият  оқыңыз  және 
анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс 
пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
•  Өндіруші қауіпсіздік техникасы талаптарын және 
бұйымды  пайдалану  ережелерін  ұстанбаудан 
туындаған зақымдар үшін жауап бермейді. 
•  Бұл электр аспап тұрмыстық жағдайларда қолдан- 
арналған құрылғы болып табылады және пәтерлерде, 
қала сыртындағы үйлерде, қонақ үй нөмірлерінде, 
дүкендер, офистердің тұрмыстық бөлмелерінде не-
месе  өнеркәсіптік  емес  пайдаланудың  басқа 
жағдайларында  қолданыла  алады.  Құрылғыны 
өнеркәсіптік немесе кез келген басқа мақсатсыз пай-
далану бұйымды дұрыс пайдалану шарттарын бұзу 
болып табылады. Бұл жағдайда өндіруші ықтимал 
салдарлар үшін жауап бермейді. 
•  Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның 
кернеуі аспап қоректенуінің номиналды кернеуіне 
сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық 
сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
•  Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты 
пайдаланыңыз. Бұл талапты ұстанбау қысқа тұйықталуға 
немесе кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін. 
•  Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл 
тоқ  соғуға  қарсы  қорғаныстың  міндетті  талабы. 
Ұзартқышты пайдаланылғанда ол да жерлендірілгеніне 
көз жеткізіңіз.
•  Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау 
немесе жылжыту кезінде розеткадан ажыратыңыз. 
Электр бауды сымынан ұстамай, ашасынан құрғақ 
қолмен ұстап шығарыңыз.
•  Аспап электр желісіне қосылғанша қараусыз қалмауы 
тиіс.
•  Су  резервуарын  толтырған  кезде  аспап  электр 
желісінен өшірулі болуы тиіс. 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап қы-
зады! Үтік жұмыс істеп тұрған кезде және 
пайдаланған соң бірден оның табанына қол 
тигізбеңіз. Үтіктеуге арналған арнайы бет-
терді ғана қолданыңыз. Аспапты қараусыз 
қосулы күйінде қалдырмаңыз, пайдаланған соң 
бірден оны электр желісінен ажыратыңыз.