Redmond RFP-3909 사용자 설명서

다운로드
페이지 32
24
құрылғы  корпусының  ішіне  су  немесе  бөгде 
заттардың түсуі оны қатты зақымдауы мүмкін.
•  Азық салынған табақты жұмсақ және ыстыққа 
төзбейтін бетке орнатпаңыз. Бұл аспапты жұмыс 
кезінде тұрақсыз етеді.
•  Жұмыс кезінде аспаптың қозғалатын бөліктерін 
ұстамаңыз. S- тектес пышақты орнатқанда абай 
болыңыз: ол өте үшкір.
•  Аспапты тазалаған кезде «Аспапты күту» тарауында 
көрсетілген ережелерді қатаң ұстаныңыз.
 Аспап корпусын суға батыруға немесе оны су 
ағынына салуға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
•  Бұл аспап физикалық, жүйке немесе психикалық 
ауытқулары бар немесе тәжірибесі мен білімі 
жетіспейтін  адамдардың  (оның  ішінде 
балалардың) қолдануына арналмаған, мұндай 
тұлғалар қадағаланып, олардың қауіпсіздігі үшін 
жауап беретін тұлға осы аспапты қолдануға 
қатысты нұсқау жасалған жағдайлардан басқа. 
Балалардың аспаппен, оның жинақтаушыларымен, 
сонымен қатар зауыттық орамымен ойнауына 
жол бермеу мақсатында қадағалап отыру қажет. 
Құрылғыны  тазалау  және  қызмет  көрсетуді 
балалар ересектердің қарауынсыз жасамауы тиіс.
•  Аспапты  өздігіңізбен  жөндеуге  немесе 
құрылымына өзгеріс енгізуге тыйым салынады. 
Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық 
жұмыстарды авторландырылған сервис-орталық 
жасауы керек. Біліксіз жасалған жұмыс аспаптың 
бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануына 
әкеліп соқтыруы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақауы 
бар болғанда пайдалануға тыйым салынады.
Техникалық сипаттамалары
Үлгісі ...............................................................................................RFP-3909
Нақты қуаты .......................................................................................750 Вт
Максималды қуаты ......................................................................1500 Вт
Кернеу .............................................................................220-240 В, 50 Гц
Электр тоғына ұшыраудан қорғаныс.................................II дәреже
Айналу жылдамдығы:
1-ші жылдамдық ......................................16 500 айн/мин ± 10%
2-ші жылдамдық ......................................18 500 айн/мин ± 10%