Polaris PIR 2469 K розовый 사용자 설명서

다운로드
페이지 31
28 
 
 
Бұл  функция ілініп тұрған киімдердегі, перделердегі, қыртысты жазу үшін қолданылады.   
 
Бұл  функция  бу соққысы  функциясына ұқсас. 
 
Суға  арналған  резервуардың    максималды    деңгейге  дейін(MAX)  толтырлығанына  көз 
жеткізіңіз.  
 
Үтіктеуге арналған киімді киім ілгішке іліңіз. (Перделерді іліп қойғаннан кейін де үтіктеуге 
болады  ). 
 
Термореттегіштің дискін  мата үшін лайықты  температуралық режимге   орнатыңыз.  
 
Үтікті  үтіктеуге арналған киімге жақындатыңыз, бірақ,  матаға тигізбеңіз.  
 
Матаны қолыңызбен мұқият созып,  үтікті оның үстінен жүргізіп,  «бу шығару»  (3) тетігіне 
басыңыз. 
 
Тазарту және сақтау 
Өздігінен тазарту  
 
Үтіктің жарамдылық мерзімін арттыру үшін   айына бір рет   өздігінен тазартуды өткізіңіз.. 
Бұл үшін:  
 
Резервуарды толтыруға арналған саңылауды ашып, MAX белгісіне дейін сумен толтырыңыз, 
саңылауды жабыңыз. 
 
Температураны реттегішті  MAX белгісіне орнатыңыз. 
 
Құралды желіге қосыңыз. 
 
Қызу  индикаторы сөнгенше, үтікті   қыздырыңыз. 
 
Үтікті желіден ажыратыңыз. 
 
Үтікті  шұңғылшаның  үстінде  еңкейтіп  ұстап,  буды  реттегішті    «өздігінен  тазарту»  (10) 
батырмасын басыңыз. 
 
Жұмыстық қабаттағы бу саңылауларын мұқият тазарту үшін  дымқыл шүберекті үтіктеңіз. 
 
Тазарту  үрдісі  аяқталғаннан  кейін    температураны  реттегішті    МИН  (*)  белгісіне    және  бу 
шығару деңгейін реттегішті  
 белгісіне орнатыңыз. 
Күтім және сақтау 
 
 
Тазартар алдында   құралды желіден ажыратып, суытыңыз.  
 
Тазарту кезінде   еріткіштерді немесе  абразивтерді қолданбаңыз. 
 
Үтіктің сыртын жұмсақ дымқыл  шүберекпен сүртіңіз.  
 
Үтігіңіздің  табанына  сызат  түсірмеуге  тырысыңыз.  Үтіктің  метал  заттарға  қатты  тиіп 
кетуінен абай  болыңыз. 
 
Әр пайдаланған сайын осы әрекетті қайталаңыз. 
 
Құралды суға салуға мүлдем болмайды. 
 
Құралды құрғақ, салқын жерде тігінен, қойыңыз.   
 
Ескертпе: Пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін  электр құралын әдеттегі тұрмыстық  
қалдықтармен бірге   лақтырмай, жоятын ресми орынға өткізіңіз. Сөйтіп, Сіз қоршаған 
ортаны сақтауға  көмектесесіз. 
 
Егер Сізде қиындық туындаса 
 
Егер қандай да бір қиындықтар туындаса және оның себебін анықтасаңыз ол мәселелер  тез 
шешімін табады.