Polaris PMG 1915 사용자 설명서

다운로드
페이지 36
36 
 
Люля  кебабқа  гарнир  ретінде  пісірілген  күріш,  картоп  немесе  көкөніс  салатын  ұсынуға 
болады.   
 
 
Майшабақ қосылған бутерброд торты 
Торт пішіндес бұл үлкен бутерброд лезде әзірленеді, ал сыртқы пішіні өте әдемі және ерекше 
көрінеді. Күтпеген қонақтар үшін мінсіздей нұсқа болып табылады.  
Әзірлеу үшін: 
Дөңгелек қара бидай наны 1 бөлке, 
Майшабақ 1 кг, 
Көк пияз 500 г,  
Қара бидай наны 500 г, 
Сары май 250 г,  
4 жұмыртқа, 
3 қызанақ,  
Талғамыңыз бойынша қыша және қара бұрыш қажет. 
Нанның  жоғарғы  бөлігі  мен  қыртыстарын  кесіңіз  және  ұқыптылықпен  3  бөлікке  бөліңіз. 
Майшабақтан  жон  ет  даярлаңыз  және  еттартқыштан  өткізіңіз.  Жон  еттің  жарты  бөлігін 
тілімдеп  кесіп,  тағамды  безендіру  үшін  қалдырыңыз.  Майшабаққа  жұмсарған  сары  майды, 
бұрышты  қосыңыз  және  көпіршітіңіз.  Ащы  дәм  беру  үшін  кішкене  мөлшерде  қышаны 
қосыңыз.  Пиязды  ашыңыз  және  ұсақ  етіп  кесіңіз.  Нан  бөліктеріне  майшабақ  қоспасын 
жағыңыз және оларды бірінің үстіне бірін салыңыз. Бұл қоспамен үстіңгі бөлік пен қабырға 
жақтарын  жағыңыз.  Оның  бүйір  жақ  бөлігіне  ұсақ  етіп  кесілген  пиязды  салыңыз,  тортты 
жеке  жеке  бөліктерге  оның  бүтіндігін  сақтай  отырып  кесіңіз.  Әрбір  бөлікті  пісірілген 
жұмыртқаның тілімімен, майшабақпен және тілімдеп кесілген қызанақпен безендіріңіз.  
Бұл торт тамаша басытқы ретінде көрініс табады. Қонақтарыңыз риза болады!  
 
Бауырдан әзірленген паштет 
Үй  жағдайында  даярланған  бауырдан  әзірленген  паштет  әмбебап  дүкендерде  сатылатын 
паштеттерге қарағанда әлдеқайда дәмдірек әрі пайдалырақ, ал оны әзірлеу түкте қиын емес. 
Паштетті әзірлеу үшін:  
Бауыр 400 г (сиыр, шошқа, қой, тауық, үйрек бауыры),  
Сары май 150 г,  
Шпик (шошқаның қыртыс майы) 100 г,  
Түйінді пияз 100 г,  
Сәбіз 50 г,  
1 жұмыртқа,  
Сүт немесе сорпа 50 г қажет. 
Бауырды  кішкене  бөліктерге  кесіңіз,  көкөністерді  ұсақтап  тураңыз.  Бауырды,  сондай-ақ 
шпик қосылған көкөністерді қуырыңыз, содан соң 2 мәрте еттартқыштан өткізіңіз. Паштетке 
сары  майды  қосыңыз,  мұқият  түрде  араластырыңыз  және  бөлікке  бөлінген  жұмыртқа  мен 
хош иісті көк шөппен безендіріңіз.  
Бауырдан әзірленген паштетті тосттарға жағуға болады, сондай-ақ оны бәліш пен құймаққа 
салынды ретінде қолдануға болады.  
 
POLARIS компаниясы сізге астарыңыз дәмді болуын тілейді!