Redmond RMG-1212 черный 사용자 설명서

다운로드
페이지 20
14
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқыңыз және анықтамалық ре-
тінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз, оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
Қауіпсіздік шаралары
•  Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану ережелерін ұстан-
баудан туындаған зақымдар үшін өндіруші жауапкершілікке тартылмайды.
•  Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының өндірістік немесе 
кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс пайдалану ережелерінің 
бұзылысы болып табылады. 
•  Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап қоректенуінің 
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық 
сипаттамасын немесе зауыттық кестешесін қараңыз).
•  Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты пайдаланыңыз — па-
раметрлердің сәйкес келмеуі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің тұтануына 
әкеліп соқтыруы мүмкін. 
•  Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе жылжыту кезін-
де розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан ұстамай, ашасынан құрғақ 
қолмен ұстап шығарыңыз.
•  Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында жүргізбеңіз. 
Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір заттарға, жиһаздың бұрышта-
ры мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымдасаңыз, кепілдік шартта-
рына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен қатар электр тоғының соғуына әкеліп соқты-
руы мүмкін. Зақымданған электр бауы сервис-орталықта жылдам ауыстыруды талап 
етеді. 
•  Электр қуат беру сымына зақым келген кезде қауіптілікті болдырмау үшін 
оны әзірлеуші немесе оның агенті, немесе осыған ұқсас білікті тұлға ауысты-
руы керек .
•  Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз — бұл 
құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. 
•  Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы корпусының 
ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты зақымдар болуы мүмкін. 
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Құралдың айналып тұрған бөлшектеріне қол тигізбеңіз! Айналуы 
толық тоқтағанын күтіңіз. Өнім беруге арналған қуысқа бөгде заттарды салмаңыз. 
Қолдану кезінде мұқият болыңыз.
•  Құралдың сынуын немесе жарақатты болдырмау үшін бөгде заттар немесе 
қолмен жүктеу қуысына тығындамаңыз. Ол үшін жиынтық ішіне кіретін итер-
гішті қолданыңыз.
•  Аспапты тазалаудың алдында ол электр желіден ажыратылғанына және толық 
суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша нұсқаулықтарды қатаң 
ұстаныңыз.
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына түсіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! 
•  Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында болмаған 
балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ, сонымен қатар физикалық, 
сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдардың пайдалануына ар-
налмаған. Балаларды қосылып тұрған аспаптың қасында қараусыз қалдыр-
маңыз.
•  Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс енгізуге тыйым 
салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша барлық жұмыстарды ав-
торландырылған сервис-орталық жасауы керек. Біліксіз жасалған жұмыс ас-
паптың бұзылуына, жарақат пен мүлік зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.  
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты кез келген ақау болғанда пайдалануға тыйым салынады.
Техникалық сипаттамалары
Үлгісі ...................................................................................RMG-1212
Кернеу ....................................................................220-240 В, 50 Гц
Номиналды қуаты ..................................................................600 Вт
Максималды қуаты.............................................................2000 Вт
Қозғалтқыш түрі .......................................................... тұрақты тоқ 
Электр тоғына ұшыраудан қорғаныс ........................II дәреже 
Өнімділігі ..........................................................................1,6 кг/мин
Иірліктің айналу жылдамдығы ...............220 айн/мин ± 10%
Керіқимыл функциясы ...............................................................бар
Асқын жүктеуден қорғаныс ......................................................бар
Фаршты дайындауға арналған перфорацияланған дискілер .3
Кішкене шұжықтарға арналған саптама .............................бар
Кеббені әзірлеуге арналған саптама ....................................бар 
Еттартқыштың блогын механикалық орнықтырғыш ......бар 
Резеңкеленген түптері ...............................................................бар 
Габаритті өлшемдер ...................................220 х 160 х 220 мм
Таза салмақ .............................................................................2,95 кг
Электр сымның ұзындығы .....................................................1,3 м
Жинағы
Перфорацияланған дискілерді сақтауға арналған 
бөліктері бар моторлы блок ..............................................1 дана
Еттартқыштың блогы ............................................................1 дана
Еттартқыштың иірлігі ...........................................................1 дана
Орнықтырғыш шығыршық..................................................1 дана
Фаршқа арналған дискіні перфорациялау ...................3 дана
Саптамаларды сақтауға арналған бөліктері бар 
алмалы-салмалы итергіш....................................................1 дана
Кеббе арналған саптама негіздемесі .............................1 дана
Кеббеге арналған қалыптастыру саптамасы ................1 дана
Кішкене шұжықтарға арналған саптаманың негіздемесі .1 
дана
Кішкене шұжықтарға арналған қалыптастыру саптамасы 1 
дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық ......................................1 дана
Сервисті кітапшасы ...............................................................1 дана
Өндіруші осындай өзгерістер туралы қосымша хабарламастан өз өнімін жетілдіру барысында оның дизайны, жинағы, 
сонымен қатар бұйымның техникалық сипаттамаларына өзгеріс енгізуге құқылы.