Philips HR 1689/90 Avance Collection 사용자 설명서

다운로드
페이지 14
Қоршаған орта
 
-
Тозғанда, құралды күнделікті үй қоқысымен бірге тастамай, қайта өңдеу үшін 
жинап алатын жерге өткізіңіз. Сонда қоршаған ортаны сақтауда септігіңізді 
тигізесіз (Cурет 1).
Кепілдік және қолдау
Егер сізге ақпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support 
сайтына кіріңіз немесе бөлек дүниежүзілік кепілдік парақшасын оқыңыз. 
Жиі қойылатын сұрақтар
Сұрақ
Жауап
Неге құралдан қатты 
шу, жағымсыз иіс, түтін 
шығады немесе ыстық 
болады?
 Құрал үзіліссіз ұзақ уақыт жұмыс істеп тұрған. Себебі 
осы болса, онда құралды пайдалануды тоқтатып, 
60 минутқа суытып қойыңыз. Мәселе мұнымен 
шешілмесе, Philips дилеріне немесе Philips рұқсат 
берген қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Енді қайнаған ыстық 
ингредиенттерді 
өңдеуге бола ма?
Өңдемес бұрын, ингредиенттерді шамамен 
80°C/175°F температурасына дейін суытып алыңыз.
Өңделетін 
ингредиенттердің 
көлемі қандай болуы 
керек?
Ірі ингредиенттерді шамамен 2х2 см етіп тураңыз.
Өте қатты 
ингредиенттерді турау 
нәтижесінде құрал 
зақымдануы мүмкін бе?
Иә, сүйек немесе сүйегі бар жеміс-жидекті өңдеу 
нәтижесінде құрал зақымдануы мүмкін. Пармезан 
ірімшігі немесе шоколад сияқты ингредиенттерді 
өңдеуге болады.
Неліктен құрал 
аяқ асты жұмысын 
тоқтатты?
Мүмкін кейбір қатты ингредиенттер пышаққа тұрып 
қалған болар. Қосу/өшіру түймесін немесе турбо 
түймесін босатып, құралды токтан ажыратыңыз. 
Мотор бөлігін ажыратып алып, пышақтар бөлігіне 
тұрып қалған ингредиенттерді алып тастаңыз.
Құймақ толтырмасының рецепті
Бұл рецептті ірі турағышпен дайындауға болады.
Азық түрлері
 
-
120 г бал;
 
-
100 г қара өрік.
 1
Балды бірнеше сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз.
 2
Ірі турағыштың пышақтарын ірі турағыштың тостағанына салыңыз.
 3
Қара өрікті ірі турағыштың тостағанына салып, үстіне бал құйыңыз.
 4
Ірі турағыштың пышақтарын тостағанға салып, мотор бөлігін тостағанға
бекітіңіз.
 5
Турбо түймесін басып, турағышты 5 секундқа іске қосыңыз.
Ескертпе. Қол блендерін қатты ингредиенттерді өңдеу үшін пайдаланбаңыз
(мысалы, мұз кесектері).
Ескерту. Ұсақтағыштың пышақтарын ұстағанда сақ болыңыз, оның жүздері
өте өткір болады. Ал пышақтарды ұсақтағыш ыдысынан алғанда, ұсақтағыш
ыдысын босату кезінде және оны тазалап жатқанда өте абай болыңыз.
Ескертулер: - Егер ингредиенттер турағыш тостағанына жабысып жатса,
турағышты өшіріңіз. Ингредиенттерді біраз сұйықтық қосу
арқылы немесе қалақша көмегімен ажыратып алыңыз.
- Етті ұсақтап, майдалап болғаннан кейін, әрдайым электр
аспабын суытып қойыңыз.
- Етті өңдеу алдында тамаша нәтижеге жету үшін бүкіл
сүйектерді, шеміршектерді және сіңірлерді алыңыз. Сүйектер
мен шеміршектер турағышты бұзуы мүмкін.
Қол блендері
Өндіруші: “Филипс Консьюмер Лайфстайл Б.В.”, Туссендиепен 4,  
9206 АД, Драхтен, Нидерланды 
Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы: «Филипс» ЖШҚ, 
Ресей, Мәскеу қаласы, Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961 1111
Үйде пайдалануға арналған
 
- Ұсақтағыш ыдысы болмаса, ешқашан ұсақтағыштың 
пышақтарын қолданбаңыз.
 
- Ыстық азық-түліктермен жұмыс істегенде, 
шашырауынан сақ болыңыз.
 
- Ешқандай қосалқы құралдардың қысқа толқынды 
пеште қолдануға болмайды.
 
- Егер пышақ тұрып қалса, пышақ бөлігіндегі 
ингредиенттерді тазарту үшін алдымен құрылғыны 
токтан суырыңыз.
 
- Егер бөлік немесе қосалқы құрал зақымдалса, оны 
әрқашан түпнұсқа түрімен алмастырыңыз, әйтпесе 
кепілдік жарамсыз болады.
Ескерту
 
- Құралды жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау 
алдында оны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз.
 
- Philips арнайы ұсынбаған немесе Philips 
компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы 
құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. 
Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі өз күшін жояды.
 
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс 
пайдаланылмаған немесе кәсіби не жартылай 
кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ, 
нұсқаулықта көрсетілгендей қолданбаса, кепілдік 
жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір 
зақымға жауапты болмайды.
 
- Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және 
шаңнан аулақ ұстаңыз.
 
- Тостағанға немесе ұсақтағыш ыдысына 
температура деңгейі 80°C/175°F-тан асатын 
ингредиенттер салмаңыз.
 
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау 
уақытынан асырмаңыз.
 
- Тоқтаусыз бір партиядан артық өңдемеңіз. 
Өңдеуді жалғастырмас бұрын, құралды 10 минут 
суытып алыңыз.
 
- Етті турағышта тартпас бұрын барлық сүйектерін, 
шеміршектері мен сіңірлерін алып тастаңыз.
 
- Шу деңгейі: Lc = 85 dB(A)
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы 
стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Тазалау және күтіп ұстау
Мотор бөлігін және ірі турағыш қақпағын суға немесе басқа да сұйықтыққа
батыруға, сондай-ақ ағын судың астында жууға болмайды. Бұл бөліктерді
дымқыл шүберекті сүртіңіз.
Тазалауды бастамас бұрын:
 1
Құралды розеткадан ажыратыңыз.
 2
Тіркелген құралды шығарып алу үшін босату түймесін басыңыз.
 3
Қосалқы құралды бөлшектеңіз.
Кеңес Түпкілікті тазалау үшін, ұсақтағыш ыдыстарынан резеңке сақиналарды 
алып тастауға да болады.
Кеңес Блендерді жылдам тазалау үшін, пайдаланғаннан кейін бірден стаканды 
босатып, шайыңыз. Одан кейін стаканға біраз жуу сұйықтығы мен жылы су құйып, 
блендерді салыңыз да, құралды шамамен 10 секунд іске қосыңыз.
Кеңес Пышақтардың өткірлігі мен қабатын қорғау үшін жолақты ыдыс жуғыш 
машинада жуудың орнына ағын суға шайыңыз.
Қосалқы құралдарға тапсырыс беру
Қосалқы құралдар немесе қосалқы бөлшектер сатып алу үшін,  
www.shop.philips.com/service сайтына кіріңіз немесе Philips дилеріне 
барыңыз. Сондай-ақ,еліңіздегі Philips Тұтынушыларды қолдау орталығына 
хабарласыңыз (байланыс мәліметтерін дүниежүзілік кепілдік парақшасынан қараңыз).