Philips Hand blender HR1652/90 사용자 설명서

다운로드
페이지 124
 
- Балалардың бұл құралды қадағалаусыз пайдалануына жол бермеңіз.
 
- Балалардың құралмен ойнамауын қадағалаған жөн.
 
- Құралды қадағалаусыз қосып қоюға болмайды.
 
- Ыстық азық-түліктермен жұмыс істегенде, шашырауынан сақ болыңыз.
 
- Ешқандай қосалқы құралдардың қысқа толқынды пеште қолдануға болмайды.
 
- Пышақтың өткір жүзіне тиіп кетпеңіз, әсіресе құрал қуат көзіне қосулы тұрған кезде. Жүзі 
өте өткір.
 
- Егер пышақтарға тамақ тұрып қалса, пышаққа тұрып қалған ингредиенттерді алып тастамас 
бұрын, құралды токтан ажыратыңыз.
Ескерту.
 
- Құралды жинау, бөлшектеу, сақтау және тазалау алдында, оны өшіріп, розеткадан 
ажыратыңыз. 
 
- Philips арнайы ұсынбаса, Philips компаниясынан басқа өндірушілер шығарған қосалқы 
құралдарды немесе бөлшектерді қолдануға болмайды. Қолданған жағдайда, өнімнің кепілдігі 
өз күшін жояды.
 
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған. Құрал дұрыс пайдаланылмаған немесе кәсіби не 
жартылай кәсіби мақсатта қолданылған болса, сондай-ақ, нұсқаулықта көрсетілгендей 
қолданбаса, кепілдік жарамсыз болады және Philips компаниясы ешбір зақымға жауапты 
болмайды.
 
- Моторды ыстық көзінен, оттан, ылғалдан және шаңнан аулақ ұстаңыз. 
 
- Тостағанға немесе ұсақтағыш ыдысына температура деңгейі 80°C/175°F-тан асатын 
ингредиенттер салмаңыз.
 
- Бұл құрал тек үйде қолдануға арналған.
 
- Кестеде көрсетілген мөлшер мен дайындау уақытынан асырмаңыз.
 
- Бір шайқағанда бір порциядан артық шайқамаңыз. Шайқауды жалғастырмас бұрын құралды 
5 минут суытып алыңыз.
 
- Шу деңгейі: Lc= 79 дБ (A).
Электромагниттік өрістер (ЭМӨ)
Осы Philips құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес 
келеді. Осы пайдаланушы нұсқаулығы бойынша дұрыс қолданылса, бүгінгі таңдағы ғылыми 
дәлелдерге сәйкес, құрал пайдалану үшін қауіпсіз болып табылады.
Бірінші рет қолданар алдында
Құралды алғашқы рет қолданар алдында, тамаққа тиетін бөлшектерін жақсылап тазалаңыз 
(«Тазалау» тарауын қараңыз).
Пайдалануға дайындау
1
Ыстық ингредиенттерді турау, шайқау немесе тостағанға аудару алдында міндетті түрде
суытып алыңыз (ең жоғары температура 80°C/175°F).
2
Өнімдердің ірі түйірлерін шамамен үлкендігі 2 см етіп тураңыз, сонан соң оларды
өңдеуге кірісіңіз.
3
Құралды қабырға розеткасына қоспас бұрын, дұрыс жиналғандығына көз жеткізіңіз.
ҚазаҚша
49