Polaris PWK 1712 CAD 사용자 설명서

다운로드
페이지 21
 
16 
 
Назар  аударыңыз!  Құралды  ванна,  шұңғылша  немесе  сумен  толтырылған  басқа 
ыдыстардың қасында   пайдалануға болмайды. 
 
Құралды суға немесе басқа сұйықтыққа батырып салуға  мүлдем болмайды.  Ылғал қолмен 
құралды ұстауға болмайды.  Құрал дымқылданса, бірден желіден ажыратыңыз. 
 
Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден ажыратыңыз.  Және бұл кезде қолды 
суға  малуға  болмайды.  Құралды  екінші  мәрте  пайдаланудың  алдында  оны  білікті  маман 
тексеріп шығуы керек. 
 
Құралды  тек  қана  ауыспалы  ток  көзіне  қосыңыз  (~).  Құралды  қоспас  бұрын,  құралдың 
кернеуі желіде қолданылатын кернеуге сай келетіне  көз жеткізіңіз. 
 
Құралды  тек қана жерге тұйықталған желіге қосыңыз. Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз 
ету  үшін    жерге  тұйықтану    бекітілген  электр  техникалық    нормаларға  сәйкес  келуі  тиіс. 
Стандартты  емес  қоректендіру  көздерін  немесе  қосу  құрылғыларын    пайдалануға 
болмайды. 
 
Ұзартқышты  қолданғанда оның  жерге тұйықталғанына көз жеткізіңіз. 
 
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету  
құқығынан айырады. 
 
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралдың сүйiр бұрыштарға 
соғылуынан сақтаңыз.  Пайдаланып болғаннан кейін, тазартқанда немесе құрал сынып 
қалса оны әрдайым  желіден ажыратыңыз. 
 
Құралды  желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап  
желіден ажыратуға тиым салынады. Құралды  желіден ажыратқанда штепсельді  ашадан 
ұстаңыз.   
 
Жинағына кірмейтін қосымша аксессуарларды пайдалану Сізді кепілдікті қызмет көрсету 
құқығынан  айырады.  
 
Пайдаланып болғаннан кейін,  электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға 
болмайды, себебі,  уақыт өте келе бұл сымның  үзілуіне әкеп соғуы мүмкін.  Қашанда 
сақтау үшін сымды  жақсылап тарқатып жазыңыз. 
 
Сымды тек қана білікті  мамандар - сервис орталығының қызметкері ғана ауыстыра алады. 
Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны  қауiп-қатерге ұшыратуы  
мүмкін. 
 
Құралды  өз  бетіңізбен  жөндеуге  болмайды.  Жөндеуді  сервис  орталығының    білікті 
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.  
 
Құралды  жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы  бөлшектер  пайдаланылады. 
 
Осы құралдың  қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
Шәйнекті  тек  қана    суды  жылыту  үшін  қолданыңыз.  Құралды    басқа  сұйықтықпен  
ешқашан толтырмаңыз. 
 
Ешқашан шәйнектің ішінде су жоқ болса оны қосуға тыйым салынады.  
 
Назар  аударыңыз!  Сіздің  шәйнегіңіз  сусыз  қосылу  жүйесімен  және  күйіп  кетуден 
сақтандыру жүйесімен  жабдықталған. Егер шәйнектің ішінде су аз мөлшерде болса немесе 
су  оның  ішінде  мүлде  жоқ  болса,  шәйнек    автоматты  түрде    сөнеді.  Егер  бұл  орын  алса, 
шәйнек суығанша кем дегенде жарты сағаттай күте тұрыңыз,  содан кейін су құюға болады. 
 
Тек қана суық суды құйыңыз. 
 
Шәйнекті  қабырғаға  таяу,  бөлменің  бұрышына,  салбырап  тұрған  тақтайлардың  немесе  ас 
үйлік шкафтардың астына  қоймаңыз. 
 
Шәйнекті тек қана термоберік, құрғақ және тегіс қабатқа  орналастырыңыз. 
 
Шәйнекті max  белгісінен асыра және  min белгісінен төмен толтырмаңыз.  Егер шәйнекке 
су  тым көп құйылса, қайнаған кезде су шүмегінен  ағып, шашырап кетеді. 
 
Салбырап тұрған сымдар оқыс оқиғалардың  себепкері болуы мүмкін, әсіресе, егер сымды 
балалар тартқылаған болса. Шәйнекті үстелдің шетінен/жұмыстық қабаттан барынша алыс   
жұмыстық қабатқа қойыңыз.