Polaris PWK 1515 CWr + Блендер ручной Polaris PHB 0713 AL 사용자 설명서

다운로드
페이지 21
 
19 
 
Шәйнекті    түпқоярға  орнатыңыз.  Ашаны    розеткаға  жалғастырып,  қосыңыз.  Ашасын 
розеткаға  жалғастырып  қосыңыз.  Шәйнекті  «ҚОСУ/ӨШІРІ»  ауыстырып-қосқышы  арқылы 
қосыңыз.  Индикатор  шамы    жанады.  Су  қайнаған  кезде  шәйнек  автоматты  түрде  сөнеді. 
Ауыстырып-қосқыш автоматты түрде «ӨШІРУ» күйіне келеді, индикатор шамы  сөнеді. 
 
Алғаш  рет  пайдаланар  алдында  шәйнектің  ішін  тазарту  үшін  екі  рет  су  қайнатып  алып,     
қайнаған суды төгіңіз.  
 
Бір рет қайнаған суды қайталап қайнатпаңыз. 
 
Бір  рет  қайнаған  суды  қайталап  қайнатудың  қажеттілігі  жоқ.    1л.  судың  температурасы 
қайнаған  соң  5    минуттан  кейін    90°С  температура  деңгейінде  болады  бұл  –  кофе  қайнатуға 
жеткілікті. 
 
Шәйнек сөнгеннен (суығаннан)  кейін 15-20 секунд өткен соң шәйнекті қайтадан пайдалануға  
болады. 
 
Тазарту және күту 
 
Құралды тазарту: 
 
Тазартудан бұрын әрдайым құралды сөндіріп,  суытыңыз. 
 
Шәйнекті, сымды, ашаны немесе  қоректендіру түпқоярын суға салмаңыз және ағып 
тұрған судың астында ұстамаңыз
 
Электр  қосылысына судың тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз. 
 
Құралдың сыртын алдымен дымқыл  шүберекпен, содан кейін құрғақ сулықпен сүртіңіз. 
Абразивті жуғыш құралдарын және металл қылшықтан жасалған тырнайтын губкаларды 
қолданбаңыз. 
 
Құрал  сумен жанаспайтын, көзден таса орнатылған,  қыздыру элементімен  жабдықталған. 
Бұндай үйлесім  шәйнектің ішкі қабатын тазарту қажеттілігін азайтуға мүмкіндік береді.  
 
Алынбалы көп мәртелік сүзгі  жиі тазартып тұруды қажет етеді. Тазартудың жиілігі судың 
қаттылығына және  құралды пайдалану жиілігіне байланысты. Сүзгіде қақ пайда болғанда 
және шәйнектен сұйықтықтың шығуы қиындаған жағдайда сүзгіні қақтан тазарту керек. 
 
Судың  қаттылығы  артса  шәйнекте  қақ  және  тұнба  түзілуі  мүмкін.  Бұл  жағдайда  шәйнекті 
қақтан тазарту керек. 
 
Қақтан тазарту жөнінде нұсқаулық: 
 
Қақтың  пайда  боуы  судың  қаттылығына  байланысты.  Суды  қайнатуға  арналған 
сыйымдылықта  қақ  пен  тұнбалардың  бар-жоғын  жүйелі  түрде    тексеріп,  дер  кезіне  тазарту  
қажет. 
 
Шәйнекті  қақтан  жүйелі  түрде,    мүмкіндігінше  айына    1  рет  тазартып  тұрыңыз.  Егер  сіз 
қолданатын су қатты болса, айына 1 реттен жиірек тазартуға кеңес береміз.  
 
Егер  сіздің  шәйнегіңіз    су  қайнағанға  дейін  сөніп  қалатын  болса,  бұл,  шәйнекті  қақтан 
тазарту керектігін білдіреді.  
 
Сіздің  шәйнегіңізді  қақтан  тазарту  үшін    лимон  қышқылының  ерітіндісін  пайдалануға 
болады: 
  25г. Лимон қышқылын   0,5л. ыстық сумен араластырыңыз. 
  Осы қоспаны шәйнекке құйыңыз. 
  15 минутқа қалдырыңыз.  
  Шәйнекті салқын сумен екі-үш мәрте шайыңыз. 
  Қажетіне қарай  тазартуды қайталаңыз.  
Немесе  сіркесудың әлсіз ерітіндісін қолдануға болады: 
  Бұл үшін  судың 2/3  бөлігін және  сіркесудың 1/3 бөлігін араластырады. 
  Осы қоспаны  қыздыратын элемент жабылатындай етіп, шәйнекке құйыңыз,  
  бірнеше рет қайнатыңыз.  
  Шәйнекті таза сумен шайып, құрғақ шүберекпен сүртіңіз.  
 
Сондай-ақ сіз металл шәйнектерді қақтан тазартуға арналған арнайы құралдарды пайдалана 
аласыз. Дайындаушының кеңесін басшылыққа алыңыз.