Zanussi ZEE 3921 IXA 사용자 설명서

다운로드
페이지 40
• Басқа аспаптармен жəне
құрылғылармен арада ең кіші
қашықтықты сақтаңыз.
• Соққыдан қорғау құралын орнатыңыз,
мысалы, тартпалы жəшіктерді тек
құрылғының астына қорғаныс тақта
қойып қана орнатыңыз.
• Егер қапсырмалар ағытпа блогының
қасында тұрса, қосылым сымының
ешқашан қапсырмаға тиіп кетуіне жол
бермеңіз.
• Жұмыс үстелінің кесілген беткі қабатын
дұрыс тұмшалағыш материалдың
көмегімен ылғалдан қорғаңыз!
• Жұмыс үстелін дұрыс бітегіш
материалмен бос жер қалдырмастан
бітеңіз.
• Құрылғының астының бу мен ылғалдан,
яғни, ыдыс жуғыш машина немесе
тұмшапештен бүлінуіне жол бермеңіз.
• Құрылғыны есіктерге жапсарлас немесе
терезелердің астында орнатпаңыз.
Есіктерді немесе терезелерді ашқан
кезде, ыстық ыдыс пешке соғылуы
мүмкін.
• Құрылғыны жөндеу немесе тазалау
жұмыстарын бастар алдында электр
желісінен ажыратыңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
тоғынан жарақат алу қатері бар.
Электр қосылымдарына қатысты
нұсқауларды мұқият орындаңыз.
• Электр желісінің ағытпасының кернеуі
бар.
• Электр желісінің ағытпасын кернеуден
ажыратыңыз.
• Электр тоғынан қорғану үшін дұрыс
орнатыңыз.
• Босаған əрі дұрыс емес желі ашасы мен
розеткалар ағытпаны тым ысытып
жіберуі мүмкін.
• Қапсырма қосылымдарды білікті техник
маман дұрыс орнатуға тиіс.
• Сымға қысқыш қапсырма
пайдаланыңыз.
• Электр желісіне дұрыс сымдарды
пайдаланып қосыңыз, бүлінген электр
сымын дəл келетін арнайы сыммен
ауыстырыңыз. Жергілікті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Құрылғыда ішкі электрлік қондырғы болуға
тиіс, ол құрылғыны барлық магниттік
полюстерде ені кем дегенде 3 мм түйіспелі
саңылаудың көмегімен желіден ажыратуға
мүмкіндік береді. желіні қорғайтын
ажыратқыштар, сақтандырғыштар
(ұстатқыштан алынған бұрандалы
сақтандырғыштар), жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Осы талаптарды орындамау
салдарынан адам жəне үй жануарлары
жарақат алса немесе мүлікке нұқсан
келсе, өндіруші жауапкершілік
көтермейді.
Электртоғына қосу
• Құрылғыны қауіпсіздік шараларына
сəйкес жерге қосыңыз.
• Техникалық ақпарат тақтайшасындағы
атаулы кернеу мен электрмен
жабдықтау түрінің жергілікті кернеу мен
қуатпен жабдықтау мəндеріне сай
келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғы электр сымымен
жабдықталған. Бұған техникалық
ақпарат тақтайшасында көрсетілген
жүктемені көтере алатын дұрыс ашаны
жалғау керек. Ашаны дұрыс розеткаға
жалғау керек.
• Кез келген электрлік құралас құрылғыны
қызмет көрсету орталығының техник
маманы немесе білікті қызметкерлер
орнатуға немесе ауыстыруға тиіс.
• Əрқашан дұрыс орнатылған, қатерден
сақтандырылған розетканы қолданыңыз.
• Құрылғыны орнатып болғаннан кейін
ашаға қол жетіп тұруын қамтамасыз
етіңіз.
• Құрылғыны тоқтан ажырату үшін
сымынан тартпаңыз. Əрқашан
ашасынан тартып суырыңыз.
• Құрылғыны ұзартқыш сым, адаптер
немесе көп бағытты розеткаға жалғамау
4
 
www.zanussi.com