Zanussi ZOB 21301 LR 사용자 설명서

다운로드
페이지 52
Назарыңызда болсын! Құрылғыны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп
немесе өңі кетпес үшін:
– пештің ыдыстарын немесе басқа
заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– ыстық суды құрылғының ішіне тура
қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл
ыдыстарды жəне тағамды құрылғының
ішінде ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алып-салған кезде
абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының
түсінің өзгеруі құрылғы жұмысына əсер
етпейді. Бұл кепілдік заңына сəйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сұйық қоспадан жасалатын тортты
пісіру үшін шұңғыл табаны қолданыңыз.
Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ
қалуы мүмкін.
Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу,
өрт қаупі жəне құрылғыны бүлдіріп
алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр
желісінен ағытып, ашасын розеткадан
суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз
жеткізіңіз. Шыны панелі сынып қалуы
мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу
ауыстырыңыз. Қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы
түспес үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың
немесе тағамның қалдығынан өрт
шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл, жұмсақ
шүберекпен тазалаңыз. Тек бейтарап
тазартқыш заттарды қолданыңыз.
Жеміргіш заттарды, түрпілі жөкені,
еріткіштерді немесе темір заттарды
пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз,
оның орамында көрсетілген сақтық
шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар
болса) ешбір жуғыш затпен
тазаламаңыз.
Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық
құрылғыларға ғана арналған жарықтама
шам немесе галоген шамы
қолданылған. Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын! Электр
қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны
тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін
шамдарды ғана қолданыңыз.
Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын! Жарақат алу
немесе тұншығып қалу қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз.
• Қуат сымын кесіп алыңыз да, қоқысқа
тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін
алыңыз.
 
5
www.zanussi.com