Polaris PMC 0516 ADG 사용자 설명서

다운로드
페이지 85
Осы құралдың  қауіпсіздігі  жөніндегі арнайы нұсқаулар 
 
 
• 
Құралды  пайдаланғанда  айналасында  бос  орындардың  жеткілікті  екеніне  көз  жеткізіңіз.  
Жиһаз, перделер сияқты өрт қауіптілігі бар  нысандардан  15см қашықтықта болуы тиіс. 
• 
Құралды пайдаланғанда оны  құрғақ  термоберік қабатқа  орнатыңыз. 
• 
Құралды  алғаш  рет  пайдаланар  алдында  жағымсыз  иісті  кетіру  үшін  мультипісіргіштің 
тостағанына    ең  жоғары  деңгейіне  дейін  су  толтырып,  («Буда  пісіру»)  температуралық 
режимінде 30 минут бойы суды қайнатыңыз. 
• 
Мультипісіргішті жылу шығаратын құралдардан (электр немесе газ асүй пештері) сияқты от 
көздерінен алыс жерлерге орнату қажет. 
• 
Күйіп  қалмас  үшін    жұмыс  істеп  тұрған  құралды  ұстамаңыз.  Пайдаланып  болғаннан  кейін,  
мультипісіргішті суытыңыз, кері жағдайда күйіп қалу қаупі бар. 
• 
Құралды желіге қоспас бұрын, кернеуді тексеріңіз. 
• 
Егер  құралдың  ішкі  тостағаны  орнатылмаған  болса,  мультипісіргіштің  әзірлеу  режимін  іске 
қоспаңыз, сонымен кез келген бағдарлама іске қосылып тұрған кезде мультипісіргіштен ішкі 
тостағанды шығармаңыз. 
• 
Егер тағам әзірлемесеңіз, электр құрылғыны  желіге қосылған күйінде  қалдырмаңыз. 
• 
Құралды  желіден  ажыратар  алдына  қашанда  құрал  күту  режимінде  тұрғанына  және  ешбір 
бағдарлама іске қосылып тұрмағанына көз жеткізіңіз. 
• 
Құрал электр желісіне қосылып тұрғанда ешқашан құралды көтермеңіз/жылжытпаңыз. 
• 
Құралдың  ішкі  тостағаны  азық-түліктерге  толып  тұрғанда,  құралды  ешқашан  көтеріп 
тасымалдауға болмайды.. 
• 
Мультипісіргіш жұмыс істеп тұрғанда оның ішкі кастрөлін ұстамаңыз. 
• 
Құралды  тазарту  үшін  абразивті    тазартқыштарды  және    агрессивті  жуғыш    құралдарды 
пайдаланбаңыз. 
• 
Су мен азық-түліктерді мультипісіргіштің ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. 
• 
Құралдың ішкі кастрөл мен  сыртқы қабатының  арасында ешбір бөгде заттар болмауы тиіс. 
• 
Күрішті  немесе  гарнирді  әзірлеу    барысында    кастрөлдегі  су  мен  жарманың  мөлшерінің 
арасалмағын қадағалаңыз. 
• 
Өндіруші  осы  нұсқауда  қарастырылмаған    немесе  дұрыс  пайдаланбаған  жағдайдың 
нәтижесінде туындаған  залал үшін жауапты емес. 
 
 
 
 
 
 
Пайдалану саласы 
 
• 
Құрал тек қана тұрмыста  қолдануға арналған.  
• 
Құралды тек мақсаты  бойынша ғана  пайдалануға болады.  
 
 
 
 
 
 
 
58