Polaris PFD 0205 AD 사용자 설명서

다운로드
페이지 26
24 
 
АЗЫҚ-ТҮЛІК  ӨНІМДЕРДІ  ӘЗІРЛЕУ  ҮШІН  АЛДЫНА  АЛА  ДАЙЫНДЫҚ 
БОЙЫНША  КЕҢЕСТЕР
 
Азық-түлік  өнімдерді  кептіргіш  құралға  орналастырмас  бұрын,  оларды  алдын-ала  өндеп 
алуға кеңес беріледі.  
ЖЕМІСТЕР: 
Әзірленетін  жеміске  сәйкес  стақандағы  шырынның  1/4  бөлігін  алыңыз  (табиғи  шырынды 
пайдалануға  кеңес  беріледі).  Мысалы,  алмаларды  әзірлеу  үшін  алма  шырынын 
пайдаланыңыз.    Шырынды  2  стақан  сумен  араластырыңыз  және    алдын-ала  өнделген 
жемістерді  алынған  сұйықтыққа    2  минутқа  салып  қойыңыз.    (Жемістерді  кептіруге 
дайындау  кестесін  қараңыз)  Ірі  жидектерді  кептіру  уақытын    қысқарту  үшін,  оларды  екіге 
бөлуге болады.  
 
КӨКӨНІСТЕР:  
Жасыл  асбұршақ,  түсті  қырыққабат,  брокколи,  қояншөп  сияқты  көкөністерді  әзірлеудің 
алдында, оларды булауға кеңес беріледі ( 3-5 минут бойы ыстық бумен, қайнап тұрған сумен 
немесе  маймен  өндеу).  Көкөністерді  қышқылтым  еткіңіз  келсе,  оларды  2  минутқа  лимон 
шырынына салып қойыңыз.  
 
Ескерту:  
Аталған  кестеде  және  тарауда  сипатталған  жемістерді  алдын-ала  өндеудің  уақыты  мен 
тәсілдері  таныстыру  ретінде  жазылған.  Өнімдерді  өндегенде  және  дайындағанда,  Сіз  
өзіңіздің жеке қалауыңызды есепке алуыңызға болады. 
 
 
 
VII.  Тазарту және күтім 
• 
Кептіргішті электр желісінен ажыратып алыңыз, ол  толық суығанша күтіңіз.   
• 
Құралдың қақпағын және оның алынбалы себеттерін сабынды жылы сумен жуып 
алыңыз, содан кейін  жақсылап шайыңыз да, сулықпен сүртіп кептіріңіз. Өнімдер 
мен олардың шырындары себеттердің бетінде құрғап қалғанда, алдын-ала сабынды 
жылы суға салып қоюға кеңес беріледі. 
• 
Құралдың түпқойма негізін абайлап ылғал матамен  сүртіңіз. Негіздің түпқоярындағы 
өнімдердің қалдықтары мен олардың шырындарын  сабынды сумен суланған матамен 
ылғалдандырып қоюға болады. Негіздің үстіне су құйюға болмайды
Абразивті  тазарту  құралдарын,  органикалық  еріткіштерді  және  агрессивті 
сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.    
 
 
VIII.  Техникалық сипаттамасы 
 
Кернеуі: 220-230 В. 
Жиілігі: ~50 Гц. 
Қуаттылығы: 300 Вт. 
Кептіру температурасы: 35 - 70°С.  
Қорғаныс жіктелімі – IІ.