Samsung WB350F 사용자 설명서

다운로드
페이지 172
Камераға техникалық қызмет көрсету
Қосымшалар
  150
Жад карталарын пайдалану кезіндегі сақтықтар
•  Жад карталарын өте суық немесе өте ыстық температураларда 
пайдалануды болдырмаңыз (0 °C/32 °F шамасынан төмен немесе  
40 °C/104 °F шамасынан жоғары). Экстремалдық температуралар жад 
карталарының ақаулығына себеп болуы мүмкін.
•  Жад картасын дұрыс бағытта салыңыз. Жад картасын дұрыс емес бағытта 
салу камера мен жад картасының зақымдалуына әкелуі мүмкін.
•  Басқа камералар немесе компьютер арқылы пішімделген жад 
карталарын пайдаланбаңыз. Жад картасын камерамен қайта пішімдеңіз.
•  Жад картасын салу немесе алу алдында камераны өшіріңіз.
•  Шам жыпылықтаған кезде жад картасын алып тастамаңыз немесе 
камераны өшірмеңіз, себебі бұл деректердің зақымдануына әкелуі 
мүмкін.
•  Жад картасының жарамдылық мерзімі өткен кезде картаға қосымша 
фотосуреттерді сақтау мүмкін емес. Жаңа жад картасын пайдаланыңыз.
•  Жад карталарын майыстырмаңыз, құлатпаңыз немесе ауыр соққы мен 
қысымнан қорғаңыз.
•  Жад карталарын қатты магниттік өрістеріне жақын пайдалануды немесе 
сақтауды болдырмаңыз.
•  Жад карталарын жоғары температуралы, жоғары ылғалдылықты немесе 
коррозиялы заттар бар аймақтарда пайдалануды немесе сақтауды 
болдырмаңыз.
•  Жад карталарын сұйықтық, лай немесе бөгде заттармен байланысудан 
қорғаңыз. Егер ластанса, жад картасын камераға салмас бұрын жад 
картасын жұмсақ матамен тазалап сүртіңіз.
•  Сұйықтық, лай немесе бөгде заттардың жад карталары немесе жад 
картасының саңылауымен байланысуына мүмкіндік бермеңіз. Бұл жад 
карталары мен камераның дұрыс жұмыс істемеуіне әкеледі.
•  Жад картасын көшіру кезінде картаны электростатикалық разрядтардан 
қорғау үшін қорапты пайдаланыңыз.
•  Маңызды деректерді қатты диск, CD немесе DVD сияқты басқа медиаға 
тасымалдаңыз.
•  Камераны ұзақ уақыт пайдаланған кезде жад картасы жылуы мүмкін. Бұл 
қалыпты болып табылады әрі ақаулықты анықтамайды.
Өндіруші деректердің жоғалуына жауапты емес.