Samsung AQ24EWEN 사용자 설명서

다운로드
페이지 40
38
Ішкі блокты орнына бекіту
Оқшаулағыш
Түтіктер
'X' мм
Резеңке тіреуіш
'Y
' м
м
Осының алдында газ жылыстауы тексерілген жерде төмендегі жұмысты іске 
асырыңыз. 
Жүйеде газ жылыстауын тексергеннен кейін түтікті, шлангы мен сымдарды 
оқшаулаңыз. Содан кейін ішкі блокты орнату тақтайшасына қойыңыз.
1.  Конденсат түзілуіне жол бермеу үшін оқшаулағыш көбікпен (суретте 
көрсетілгендей) түтіктердің ұшындағы оқшауланбаған бөліктерді 
ораңыз.
2.  Түтікті, құрастыру сымы мен ағызу шлангын винил таспамен 
ораңыз. 
3.  Байламды (түтік, құрастыру сымы мен ағызу шлангы) ішкі 
блоктың артқы жағынан шығып тұрмайтындай етіп, оның 
астыңғы жағына абайлап салыңыз.
4.  Ішкі блокты орнату тақтайшасына іліңіз де, блок орнына 
мықтап орныққанша, оны оңға немесе солға қозғаңыз.
Сыртқы блокты әсіресе көршілерге жақын орнатқан кезде, шуыл мен діріл 
шығармас үшін бертегіс әрі орнықты тұғырға орнатыңыз. 
Егер сыртқы блокты қатты жел соғатын жерде немесе биіктікте орнататын 
болсаңыз, оны тиісті тіреуге (қабырға немесе жер) бекітіңіз.
1.  Шығарылатын ауа дұрыс кетуі үшін сыртқы блокты оның үстінде 
көрсетілгендей етіп орналастырыңыз.  
2.  Сыртқы блокты тиісті тіреуге анкерлік бұрандамалардың көмегімен 
біртегіс жерге бекітіңіз.  
3.  Егер сыртқы блок қатты желдің өтінде тұрса, желдеткіш дұрыс 
жұмыс істеуі үшін, сыртқы блоктың айналасына қалқанша 
табақтарды орнатыңыз.
5.  Түтіктің қалғанын винил таспамен ораңыз.
6.  Түтікті қапсырмалардың (қосымша) көмегімен қабырғаға бекітіңіз.
Орнату 
тақтайшасы
Жалғағыш сымдар
Жалғағыш 
түтіктер
Винил таспа
Төгу шлангы
•   Ішкі блокты орнату тақтайшасына орнатқан кезде түтіктің 
қозғалмайтынына көз жеткізіңіз.
Сыртқы блокты орнына бекіту
•   Қабырғаның сөре мен сыртқы құрылғының 
салмағын көтере алатынына көз жеткізіңіз;
•   Сөрені мүмкіндігінше бағанға жақын орнатыңыз;
•   Сыртқы құрылғы арқылы қабырғаға берілетін 
шуыл мен қалдық дірілді азайту үшін лайықты 
резеңке төлкені орнатыңыз.
Қабырғаға сөре арқылы орнатылатын 
сыртқы құрылғы
Дірілді сөреден қабырғаға бұрып әкету 
үшін жасалған жұмсақ резеңке.  
(құрылғымен бірге жеткізілмейді)
Қалдық дірілді сыртқы құрылғыдан 
сөреге бұрып әкету үшін жасалған.  
(құрылғымен бірге жеткізілмейді)
•  Шуыл мен діріл шығармас үшін резеңке тіреуіштерді бекітіңіз.
Үлгі
X
Y

09/12
457 254

18
543 319

24
660 340
R410A: 09/12/18/24EG/F
R22: 09/12/18/24EE
Үлгі
X
Y

09/12
457 254

18/24
543 319
ЕСКЕРІМ
САҚТЫҚ
CIS_AQ09E@_IBIM_31246A_KK.indd   38
2013-5-29   11:08:51