Panasonic TH-47LFP30W 작동 가이드

다운로드
페이지 20
5
АБАЙЛАҢЫЗ 
Қауіпсіздік шаралары
 Орнату
Кез келген орнатуды тек білікті техникалық маман іске асыруы тиіс.
Кіші бөлшектерін байқаусыз жұтып қою, адам денсаулығын нашарлатуы мүмкін. Кішкентай бөлшектерді жас 
нəрестелерден аулақ ұстаңыз. Нəрестелер кішкентай бөлшектермен ойнап, денсаулықтарына ықтимал қауіп 
төндірмес үшін, қажетсіз бөлшектер мен басқа заттарды, соның ішінде қаптама материалдар жəне пластикалық 
пакеттер/парақтар лақтырып тастаңыз.
Дисплейдің үстіне ешбір зат қоймаңыз.
• Егер дисплейдің ішіне сырттан заттар кіріп кетсе, жергілікті Panasonic делдалына хабарласыңыз.
Тек тік қалпында тасымалдаңыз!
• Құрылғының дисплей тақтасының бетін жоғары немесе төмен қаратып тасымалдау ішкі электрлік тізбегіне 
зақым тигізуі мүмкін.
Осы дисплейдің беті газет, дастархан жəне перде сияқты заттармен жабылу арқылы жылу шығаруға 
кедергі келтірмеуі тиіс.
Қажетті жылу шығару үшін,
Үстінен, сол жəне оң жақтарынан 10 см не одан көп орын, артынан 5 см не одан көп орын жəне 
дисплей түбі мен еден бетінің арасынан біраз бос орын қалдырыңыз.
• Бұл өнімде корпус бетінен жылудың шығуына мүмкіндік беретін құрылғы бар. 
• Өнімді жұмыс істеу жағдайының температура аралығында пайдаланыңыз.
Қабырғаға орнату кезіндегі сақтық шаралары
• Қабырғаға кəсіби техникалық маман орнатуы керек. Дисплейді дұрыс орнатпау салдарынан адам өліміне 
немесе ауыр жарақаттануға себеп болуы мүмкін. Содан кейін қабырғаға орнатқан кезде VESA стандарттарына 
(VESA 400 × 400) сəйкес келетін кронштейн пайдаланылуға тиіс.
• Дисплейді тігінен орнатқан кезде қуат көрсеткішін алға қаратып бұрыңыз.